Астананың ең үздік мектебі анықталды

Астананың ең үздік мектебі анықталды

Дәстүр бойынша, қазан айының бірінші жексенбісі ардақты мұғалімдерге құрмет көрсету күні болып есептеледі. Биылғы жылы да дәл солай.

"Бәйтерек" медиаорталығының хабарлауынша, мұғалімдерге қала әкімінің грантын табыс ету салтанаты қалалық әкімшілікте 4 қазан күні өтетін болды. Ал Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік кеш дәл осы күні Конгресс Холда өтеді.

Естеріңізге сала кетелік, қала әкімінің пәрменімен 2008 жылы "Жылдың үздік мектебі" конкурсының негізі қаланған болатын. 2011-2012 жылдың қорытындысы бойынша аталған сайыстың жеңімпазы болып №50 мектеп-лицейі танылды. Салтанатты жиында аталған оқу орны арнайы кубокпен марапатталады. Тағы айта кетерлік нәрсе, әкімнің шешімімен қаланың үздік 10 оқытушысының жалақысы 50 пайызға өсетін болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz