Тағылымы мол конференция

Тағылымы мол конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика және математика факультеті, Ө.А.Жолдасбеков атындағы қызыл залында сәуір айының 28 күні академик Бағызбаева Мая Мұхаммедалиқызының 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті. Дәстүрлі түрде өтетін конференция тақырыбы «Заманауи филологияның маңызды мәселелері: теориялық және қолданбалы ерекшеліктер»  деп аталды. Алғашқы сөз кезегі ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректорына беріліп, Асқар Құсұпбекұлы Хикметов халықаралық деңгейде өтіп отырған конферцияның маңыздылығын атап көрсетті.

Келесі сөз ф.ғ.д профессор Элеонора Дүйсенқызы Сулейменоваға беріліп, Мая Мұхаммедалиқызы туралы баяндама жасады.

ҚР жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.д профессор Жақсылықов Асылан Жәмілұлы бүгінде 85 жасқа толар, өзін ғылым жолына бағыттап, білімді шәкірттер тәрбиелеген ұлағатты ұстазы туралы естеліктер айтып берді. Келесі сөз М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынан келген Ананьева Светлана Викторовнаға беріліп, заманауи филология саласындағы зерттеулерді тілге тиек етіп, Мая Мұхаммедалиқызының филология ғылымдары саласындағы толағай еңбектері жөнінде өз пікірін білдірді.

Филология және әлем тілдері факультеті деканы Өмірхан Әбдиманұлы ғалымның отбасы жөнінде айта келіп, аталған конференцияның ауқымды деңгейде өтіуіне ұйтқы болған орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының атқарған қызметін жоғары бағалады.

Сөз соңы ф.ғ.д, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызына беріліп, ғылым жолында өшпес ізі қалған анасы зерттеген тақырыптарға тоқталып, болашақта филология ғылымы саласындағы атқарылар жоспарларымен бөлісті.

Конференция соңы ректор бұйрығымен «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» Мерейтой медалімен университет дамуына үлес қосқаны үшін ф.ғ.д профессор Абишева Сауле Джунусовна, Ананьева Светлана Викторовна, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары үздік көрсеткіш көрсетіп, ҚазҰУ-дың қоғамдық өмірінде белсенділік танытқандары үшін: Какишева Нурзада Турсумбековна, Когай Эльмира Радиковна, Ахметжанова Айнаш Ильясовна, Сансызбаева Сандугаш Кадыралиевна, Азизова Айнур Орынбасаркызы, Шанаев Русланбек Улугбекович марапатталды.

2016-2017 жылға арналған Бағызбаева Мая Мұхаммедалиқызы атындағы 250 мың теңге көлеміндегі шәкіртақы үлгілі оқу үлгерімі және кафедраның мәдени өміріне белсене араласқан PhD доктаранттары Тәттімбетова Құралай Өмірланқызы, Афанасьева Алена Сергеевна, Ибраева Данара Сабыровна, Айнабекова Гульжан Бабаевнаға берілді.

Конференция соңында Бағызбаева Мая Мұхаммедалиқызына арналған фильм көрсетілді.

Жеңіс Н.Н. және Шанаев Р.У.

Г. Берік