Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы үйірме жұмысы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы үйірме жұмысы
Фото: time.kz

Тәрбие жұмысы – еліміздегі алдыңғы қатарлы ЖОО – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі – клуб жұмысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүзден астам клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді: патриоттық, кәсіби және ғылыми бағыттағы үйімелер, көркем өнерпаздық үйірмелер, спорттық секциялар, көшбасшы мектептері, әлеуметтік және ағартушылық клубтары.

Ең алғашқы факультеттердің бірі – филология және әлем тілдері факультетінде орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының негізінде көп жылдар бойына «професор Х.Х.Махмудов атындағы лингвистикалық үйірме» жұмыс жасайды. «Лингвистикалық үйірменің» тарихы қоршаудағы ленинграддан Қазақстанға академик Н.В. Юшманов, И.И. Мещанинов және өзгелері секілді филолог-ғалымдар қоныс аударған, сонау соғыс кезіндегі 1942 жылдан бастау алады.

Классикалық универсеттерде дәстүрлі лингвистикалық мектептер болды: Казань лингвистикалық мектебі, Мәскеу фонологиялық мектебі, Петербург мектебі, Прагалық лингвистикалық мектеп. Ұлы Отан соғысы кезінде С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің филология факультетінде қызмет атқарған академик А.А. Мещанинов осы дәстүрді енгізді. Шығармашылық бейресми ортада тіл білімінің маңызды мәселелері қарастырылатын, диссертациялық жұмыстардың апробациясы өткізілетін лингвистикалық семинарлар ашылды. Аталмыш семинарларды тек филология факультетінің ғана емес, сонымен қатар математика, химия және физика факультеттерінің де ұстаздары, аспиранттары мен студенттері қатысты. Әрдайым бұл кездесулерде атақты математик, академик К.П. Персидский болатын. Кейін осы дәстүрді профессор Х.Х. Махмудов жалғастырды. Кезінде осындай лингвистикалық семинар отырыстарында ұстаздардың диссертациялық жұмыстары талқыланатын.

ХХ ғ-дың 70-жылдары лингвистикалық семинардан студенттік лингвистикалық үйірме пайда болды. Жиырма жылға жуық үйірме жұмысын профессор Р.С. Зуева басқарды, кейін бұл бастаманы доцент В.Г. Миронова қолға алды. 1995 жылдан бастап лингвистикалық үйірме жұмысының басшылығына орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті Э.Р. Когай келді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының ғылыми, білім беру және тәрбие жұмысының негізі. Студенттік лингвистикалық үйірменің негізгі міндеттеріне орыс тілі білімінің өзекті мәселелерін терең зерттеумен байланысты шараларды ұйымдастыру және өткізу, отандық және шетелдік лингвист-ғалымдардың өмірімен және ғылыми еңбектерімен танысу, лингвистикалық білімді кеңінен тарату жатады.

Үйірменің отырыстарында студенттер көптеген атақты лингвист-ғалымдардың, лексикограф ғалымдардың, оның ішінде: В.И. Даль, В. фон Гумбольдт, Ф.И. Буслаев, В.В. Виноградов, Л.В. Щерба, А.А. Шахматов, С.И. Ожегов, Д.Н. Ушаков секілді ғалымдардың еңбектерімен танысады. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырады: ҚР-ның Тілдер күніне арналған «Тіл полифониясы» атты конкурс, «Менің сүйікті факультетім» атты студенттік жазба жұмыстар конкурсы, Славян жазуы күні, Орыс мәдениеті күні және т.б. Ақындармен, жазушылармен шығармашылық кештер өткізеді: А. Ким, Г. Климова, О. Северская, М. Хемлин, Е. Шубина, В. Муратовский, Н. Чернова және т.б. Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы ұйымдастыратын халықаралық және республикалық конференцияларға ат салысады, Атап өтсек; «Филилогияның қазіргі технологиялары: қайнар көзі мен болашағы» (Алматы, 2012); «Қазіргі филологияның өзекті мәселелері: теориялық және қолданбалы аспект, IV Багизбаева оқулары» (Алматы, 2012); «Филологиялық зерттеу: Тіл – Сөйлеу – Сөз» (Алматы, 2012); «Көп салалы мәдени кеңістіктегі әдебиет пен тіл, V Багизбаева оқулары» (Алматы, 2013); «Қазіргі филологияның күйі мен болашағы», VI Багизбаева оқулары» (Алматы, 2014); «Біріктірілген оқыту бағдарламасындағы қазіргі филологияның қолданбалы аспектісі», VII Багизбаева оқулары» (Алматы, 2015), «Жалпы ғылыми парадигмадағы қазіргі филологияның өзекті мәселелері»,VIII Багизбаева оқулары» (Алматы, 2016). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін апробациядан өткізеді, баяндама дайындап, конференцияларда мақалаларын жариялайды.

Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында өткізілетін жыл сайынғы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдар Халықаралық конгресіне белсене ат салысу үйірме студенттерінің дәстүрге айналған іс-шарасы. Соңғы алты жылда үйірме қатысушылары аталмыш конгресте 90-ға жуық тезистер жариялаған болатын. Көптеген баяндамалар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Мұтанов Ғ.М. атынан грамоталар мен дипломдарға ие болды. Бұл конгрес филологияның өзекті мәселелері талқыланып, ғылыми жұмыстардың нәтижелері апробациядан өтетін алаңға айналды.

Бакалавр соңында көптеген студенттердің ғылыми мақалары толық болады. Нәтижесінде студенттер ғылыми жұмыспен айналысады. Бұл жолда лингвистикалық үйірме, филолгия ғылымдарының докторы, профессор Б.Ө. Жолдасбекова басқарған орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының басшылығы мен ұстаздары көп көмегін тигізеді.

Э.Р. Когай 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті 

Г. Берік