Инновациялық жүйені дамытуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рөлі

Инновациялық жүйені дамытуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рөлі
Фото: kaznu.kz

Инновациялық жүйені қалыптастыру үшін оқу орындарының маңызы зор. Жоғары оқу орнының басты мақсаты студенттерге білім беру, ғылыми зерттеулер жүргізу және инновациялық қызметті жүзеге асыру екені мәлім. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары кәсіби білім беруші, ғылыми зерттеулермен айналысуға қолайлы бірден бір  мекеме.

Университеттің белсеңді ғылыми-зерттеу қызметі ғылыми зерттеулерге тартылғын болашақ мамандарды даярлаудың сапасына да, оқу орындарының бәсекеге қабілетін арттыруға да ықпалын тигізіп келеді.

Қазақ ұлттық университеті көптеген еуропалық және америкалық білім беру институттарымен тығыз байланыста. Студенттер мен мамандарға арнайы дәріс оқушы шетелдік мамандар көптеп келеді. Мұндай арадағы достық қарым-қатынас орнауы білімге, ғылымға деген қызығушылықтың артқанынан болса керек.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық білім беруді дамыта отырып, әлемдік білім беру кеңістігінде де орын тауып үлгерді. Университет QS World University Rankings халықаралық рейтингтік агенттіктің көрсеткіші бойынша әлемнің 250 үздік университетінің қатарында.

Ұлттық инновациялық жүйенің тиімді қызмет етуін арттыру және көтермелеу үшін маңызды институционалды нысанын қалыптастырып үлгерді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осындай маңызды бағытты ұстанып, іске асыратын іргелі ғылыми зерттеумен айналысады.

Іргелі теориялық білім беру мен олардың тәжірибеде сыннан өтуі секілді екі өзара тығыз үрдіс қатар жұмыс атқарады. Бұл екі бағытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеу маңызды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу және ғылыми-зерттеу институтының үйлесімі болып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде:

1) ғылымға бөлінетін қаржы үлесі жоғары көрсеткіште;

2) іргелі және қолданбалы зерртеулер кеңінен жүргізіледі;

3) әлемдік деңгейдегі шет елдік профессорлар дәріс оқуға шақырылады;

4) шет елдік студенттер тартылады;

5) дамыған кампустар мен инновациялық инфрақұрылымдар бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі заманауи талаптарға сай жетекші білім ордасы. Біз қызмет етіп жүрген, сүйікті студенттерім білім алып жүрген оқу орнының осылайша күннен күнге жанданып келе жатқаны қуантады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Заң факультетінің доценті
з.ғ.к. А.М. Каратаева

А. Оралқызы