ҚазҰУ құрамасы - республикалық пəндік олимпиада жеңімпазы!

ҚазҰУ құрамасы - республикалық пəндік олимпиада жеңімпазы!
Фото: автор

Қазақ елінің кемел келешегі - білімді əрі білікті жастарды қалыптастыруда  əл-Фараби атындағы ҚазҰУ тағы да озық та дара тұрғанын кезекті рет дəлелдеді.

Сәуір айының 14-15  жұлдызы аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  VIIІ Республикалық студенттік пəндік олимпиада Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университетінде өтті.

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология жəне əлем тілдері факультетінің 3-курс білімгерлері Жутаева Əсел, Наурызбай Сая, Маликова   Мадина Ақтөбе қаласына республикамыздың 13 ЖОО – нан келген командалар  басын қосқан дүбірлі  додада ұлағатты ұстаздардың  артқан сенімдері мен ерен  еңбектерін  ақтап бас жүлдені иеленіп 2016 жылдың ел чемпионы атанды.Команданың ғылыми жетекшісі доцент К.Күркебаев өз сөзінде: "Сайыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластардың барлығы дерлік қуатты біліммен қаруланған сайыпқырандар екен. Білім бәсекесі оңайға түскен жоқ. Алайда факультетіміздің  оқытушы-профессорлар құрамының  жүйелі еңбегі мен сапалы білім беру тəжірибесінің негізінде жеңімпаз тұғырынан көріне білдік" - деді. Санасы сергек, ойы ерек білімгерлер еңсеретін асу мен  бағындыратын биік  қазақ тілі мен әдебиеті үшін  бұдан да жоғары екеніне  сеніміміз мол.                        

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - дың

филология және әлем тілдері факультетінің доценті,

ф.ғ.к., Күркебаев Кенжетай.

Ө. Сансызбай