Қазақстанның 14 университеті QS рейтингіне енді

Қазақстанның 14 университеті  QS рейтингіне енді
Фото: kazradio.kaztrk

Қазақстанның 14 университеті дамушы Еуропа елдері мен Орталық Азия елдерінің жоғарғы оқу орындары QS рейтингіне енді. Бұл тізімді британдық Quacquarelli Symonds компаниясы жасады.

Рейтинг мынадай факторлар бойынша жасақталады:

– академиялық репутация (өз саласындағы еңбегімен әлем назарын аударған ғалымдар саны);

– жұмыс берушілер сұранысы (түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші);

– студенттер саны (топтағы білім алуға оңтайлы студенттер саны);

– интернетке қол жетімділік;

– PhD қызметкерлері саны;

– сілтемелер жиілігі (ғылыми еңбектеріне әлемде жасалған сілтемелер).

Тізімге барлығы 22 елден 150 ЖОО кірген. Қазақстандық ЖОО қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (21-орын), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (33-орын), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (54-орын), Қазақ-Британ техникалық университеті (63-орын), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (67-орын) бар.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін