Шри-Ланкада алып құсжегіш өрмекші табылды

Шри-Ланкада алып құсжегіш өрмекші табылды

Ғалымдар Шри-Ланканың солтүстік ауданынан құсжегіш өрмекшінің жаңа бір түрін тапты. Оның аяқтарының ұзындығы 20 сантиметрді құраған. Табылған жыртқыш өрмекші Poecilotheria тобына жатады екен. Ғалымдар жәндікке оны табуға белсене атсалысқан жергілікті полицейдің құрметіне, яғни оның есімін Poecilotheria rajaei деген ат берді. Өрмекші ерекше сары-қоңыр жолақтарымен және геометриялық суреттерімен ерекшеленеді.  

1

Қазіргі кезде зерттеушілерге Poecilotheria тобына жататын өрмекшілердің 15 түрі белгілі. Олардың көпшілігі орман ағаштарын жаппай кесудің салдарына құрып кетудің алдында тұрған көрінеді. Poecilotheria тобының өкілдері Үндістан және Шри-Ланка мемлекеттерінің қалың ормандарында тіршілік етеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com


Б. Қосмағамбет