Бұл кітапханаға барар ма едіңіз?

Бұл кітапханаға барар ма едіңіз?
Фото: miragebookmark.ch

Бейтаныс. Жат. Себебі бұл жерге кездейсоқ тап болдыңыз.

Жағымсыз. Өйткені сіз мұнда оқу барысындағы тапсырманы орындау үшін ғана амалсыз бас сұғасыз. 

Қызықты. Неге десеңіз, көктен іздегеніңіз жерден табылды. Бұрын білмеген қызықты ақпаратты табасыз.

Жұмақ мекен. Өйткені бұл жаққа жан рахаты үшін көркем әдебиет оқу мақсатында ғана асыға жеттіңіз.

Әңгіме әркімге әрқалай әсер ететін кітапхана жайында. Ал біздің бүгінгі ұсынатын кітапханаларымыз әлдекімге аңызға, әлдебіреуге арманға айналған, барсаң бақыттан бас айналып, шығар есігіңді таба алмайтын таңғажайып әсер қалдырады. Жолыңыз түссе, көзбен көріңіз, ал әзірге қиялмен саяхаттайық.

Чехия Ұлттық кітапханасы – әлем бойынша ең әдемі кітапхана

1722 жылы бой көтерген. Қорында небәрі 20 мың томға жуық қазынасы бар. Барокко стилінде салынған кітапханаға білім іздеуден бұрын, сұлулыққа тамсану үшін келетіндер көп.

Ең үлкен АҚШ Конгресс кітапханасы

Бұл Вашингтон қаласында орналасқан. АҚШ-та жаңадан сайланған президент соңына кітапхана салып қалдыратын үрдіс бар. Ең үлкен кітапхананы Джон Адамс салғызған. Мұнда жыл сайын 1,7 миллион оқырман бас сұғады. 3600 қызметкері, 18 оқырман залы, 1460 орны бар.

Тринити колледжінің кітапханасы

Оксфорд пен Кембридж Университеттерімен қатарлас әрі колледж, әрі университет саналады. Атақты Оскар Уайльд, Джонатан Свифт, Самуил Бэкет, Джордж Беркли, Мэри Робинсон т.б. түлеп ұшқан оқу орнының кітапханасы осындай болған.

Санкт-Петербургтегі Ресей Ұлттық кітапханасы – ең атақты кітапхана.

2012 жылғы есеп бойынша, бұл қорда 36 500 000 дана кітап сақталған. Жылына, орта есеппен 1 000 000 оқырман келеді.

Оңтүстік Голландияның оқу орнына тиесілі кітапхана ерекше жарықтандырылған. Оның ашылғанына небәрі 10 жыл болды. Ерекше дизайнымен бүкіл әлемге танылып үлгерді.

Виктория мемлекеттік кітапханасы

Классицизм үлгісінде салынған кітапхана қорында 1,5 миллионнан астам кітап бар. 

Австриядағы Аббаттық Адмонт кітапханасы

Торонто қаласындағы кітапхана

Әлемдегі ең сирек кітаптар мен қолжазбаларды сақтап қалған кітапхана.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қорында Н.Ә.Назарбаевтың жеке мұрағатындағы 20 мыңнан астам басылым мен 700 жәдігер жинақталған.

@. @assel_assanova