Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / 2017 жылғы ҰБТ жүйесінде қандай өзгерістер болады?

2017 жылғы ҰБТ жүйесінде қандай өзгерістер болады?

2017 жылғы ҰБТ жүйесінде қандай өзгерістер болады?

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу құрылымында қандай өзгерістердің болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір нақтыланған қорытынды жоба жоқ. Бұл мәселе мұғалімдердің қатысуымен талқыланады. Жоба түлектердің мектепте бірнеше пәннен қорытынды емтихан тапсыруын жоспарлайды. ҰБТ сұрақтарының құрылымы өзгеретін болады. (...) Жобаға сәйкес стандартты 60 сұрақ болады. 60 сұрақ 2 бөлікке бөлінеді. Ол сұрақтар түлектің таңдаған мамандығына байланысты құрастырылады. Мысалы, түлек медицина мамандығына тапсыратын жағдайда ол биология пәнінен 30 сұраққа және химия пәнінен 30 сұраққа жауап беруі тиіс", - деді Сағадиев.

Оның айтуынша, бұл жоба қазіргі уақытта дайын. Оны енді шағын құрамнан тұратын мұғалімдермен талқыға салу керек. Кейінірек бұл жоба ведомствоның сайтында жарияланатын болады. Сол арқылы пікірлер айтылып, бұл мәселе тағы да қаралады.

"Түлек мектепте емтихан тапсырған уақытта мемлекеттік тіл мен орыс тілін тапсыруға міндеттеледі. ҰБТ тестілеу түрінде өтеді. ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі де сақталады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің осындай жүйесі білім алушыларда моральдық-психологиялық қиындықтардың пайда болмауына септігін тигізеді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін қазақстандық түлектердің ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсыратыны айтылған болатын. Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев оқушыларға ҰБТ-ны қайта тапсыруға болатынын тағы да айтты. "Біз ҰБТ өтетін 165 орталықтан сағат сайын мәлімет алып отырамыз. Жоғары оқу орындарында оқығысы келетін балаларға ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік бердік. Мен іште болдым және қораптар балалардың көзінше ашылды, олар маған сенімді екенін және тестті тапсыруды бастағанын айтты. Сондықтан уайымдауға себеп жоқ", - деген еді министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2385 1
Рейтинг: +2

Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2016, 14:14
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...