«Болашақ» стипендиясына биыл бір орынға 3 адам үміткер

«Болашақ» стипендиясына биыл бір орынға 3 адам үміткер
Фото: el.kz

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар биылдан бастап күшейтілді. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлайды. Конкурс бұрынғыдай жоғары болып отыр. Орта есеппен алғанда бір орынға үш адам үміткер. Өзгерістер бәрінен бұрын «Болашақ» бағдарламасына қатысуға үміткерлердің тілдік дайындық деңгейіне қатысты болып отыр.

- 2016 жылы үміткерлердің квоталық санаттары стипендия алу үшін IELTS тестін тапсырудағы қажетті балл 4-тен 5-ке арттырылды. Келешекте жыл сайын бұл балл бірте-бірте жоғарылап, әлемнің жетекші ЖОО-дарының талаптарына, кем дегенде IELTS бойынша 6,5 балға жеткізіледі,- деді «Болашақ» бағдарламасының президенті Ғани Нығметов. Сондай-ақ өз бетімен түскендерден бөлек барлық үміткерлерге бакалавр дипломының орташа балы GPA қойылатын талаптар 2,67-ден 3-ке дейін жоғарылады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы