Айна. Рүстем Әбдіраш: «Сыртым шуақ болғанмен, ішім — боран»

Айна. Рүстем Әбдіраш: «Сыртым шуақ болғанмен, ішім — боран»
Фото: ©Massaget.kz

Түсін, балам,
мені де түсін, балам,
сыртым шуақ болғанмен,
ішім – боран…
Қабағыңды орынсыз шыта бермей,
жанарыңның жарығын түсір маған...

Әке мен бала. Кеше мен бүгін. Алдыңғы және кейінгі буын. Бұлардың әңгімесі жараса бермейді. Олардың әрқайсысы өзінікін дұрыс деп сенеді.

Бірақ... Қос буынның елден ерек үйлесімді екеуара түсіністікте болатын сирек сәттері бар. Мұндай байланыс орнай қалса, оның тереңдігінде шұңғымадай шексіз келеді.

«АЙНА» жобасының кезекті түсірілімінде кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашпен болған сұхбаттан әкеге деген қимастық пен тебіренген сезімді байқамау мүмкін емес еді.

Оның кинематограф әлеміне жасаған алғашқы қадамының өзі әкесі Жарасқан Әбдіраштың поэзиясы бойынша түсірілген «Қаладан келген қыз» көркемфильмі болатын. Алғашқы махаббат туралы туынды – тұнық поэтикалық элегия. Бұл автордың ақындық өнерден нәр алып өскенінің, оның да жаны поэзиямен егіз екендігінің дәлеліндей.

«АЙНА» жобасының әр сұрағына берген жауабының поэтикалық һәм кинематографиялық атмосферасы айрықша әсер берері анық. Қабыл алыңыз, көрермен.

Алдыңғы шығарылымдарын көре отырыңыз:

Айна. Сатыбалды Нарымбетов: «Атақтың бақ не сор екені парасатқа байланысты»

Айна. Қуандық Рахым: «Менің ең жақсы қасиетім — қазақилығым»

Айна.Серік Жанболат: «Ер жігіттің ең асыл қасиеті – табандылық»

Айна. Жігер Ауыпбаев: «Сағың сынбасын»

Айна. Есмұхан Обаев: «Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн»

Айна. Асқар Жұмаділдаев: «Минусты плюске айналдыр»

Айна. Күнсұлу Шаяхметова: «Өзіме ұнаған қойылымды екінші рет көрмеймін»

Айна. Бексұлтан Нұржекеұлы: «Неге өтірік тарихқа сене бересіздер?»

Айна. Есей Жеңісұлы: «Кітаптың дәурені қайта келеріне сенемін»

Айна. Айгүл Иманбаева: «Көрген қиянатым мені ұшпаққа шығарады»

А. Оралқызы