Әлемдегі ең семіз бүлдіршін

Әлемдегі ең семіз бүлдіршін

Адам баласының әлуеметтік жағдайы жақсарған сайын әртүрлі ауру-сырқаулар көбеюде. Солардың бірі - семіздік. Семіздік өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап, адамзат атаулыны алаңдатар аурудың түріне айналды. Ал ғалымдар семіздікті адамзаттың тұрмыс жағдайынан жақсарғандығынан емес, қайта қимыл-қозғалыстың азаюынан, дұрыс тамақтану әдетін сақтамағандықтан деп қарайды. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер бетінде 1 миллиард 600 миллион адам семіздіктен зардап шегуде. Алдағы он жылда бұл көрсеткіш 40 пайызға артуы мүмкін.

Семіз адамдардың қантты несеп ауруына шалдығу салыстырмасы әдеттегі адамдардан 6-9 есе жоғары. Осы семіздік салдарынан жыл сайын АҚШ елінде 248 мың адам қаза табады екен.

Ал Лондон университетінің ғалымдары бұл жөнінде тағы да бір қызықты статистика жариялаған. Әлемдегі ересек адамдардық жиынтық салмағы 287 миллион тонна болып, мұның 15 миллион тоннасы адамзаттың артық салмағынан туындаған. Осы артық салмақтағы адамдардың тұтынатын азықтығын энергиялық өлшемге сындырып есептегенде, бір миллиард адамды бір жыл азықтандыруға болады дейді.

Семіздік балалар денсаулығына да төнген үлкен қауіп, әлемдегі ең семіз бүлдіршін Үндістан азаматшасы. Симан Хатин есімді алты жасар бүлдіршіннің салмағы 91кг. Бой биіктігі 104см. Ол аптасына 14кг күріш, 8кг картошка, 8кг балық, 180кг банан тұтынады екен. Осылай жегеннің өзінде ас-су сұрап көршілерінің мазасын ала беретін көрінеді. Әкесінің бар тапқан табысы осы қызынан артылмайды. Тіпті кейде аш қалатын кездері де болып тұрады дейді бүлдіршіннің анасы.

Мануэль Урибе

Айта кетейік, күні бүгінге дейін жер бетіндегі ең ауыр салмақтағы еркек 630кг, ең ауыр салмақтағы әйел 400кг болған екен. Екеуі де АҚШ азматтары. Ал бүгінгі таңда әлеммдегі ең ауыр салмақтағы азамат мексикалық Мануэль Урибе. 560кг салмақтағы жігіт өздігінен төсектен тұра алмайды. Бүкіл өмірі жанашыр жақындарының көмегімен өтіп жатыр.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: bozbala.com

Қ. Қауымбек