Тісті тілмен жуу

Тісті тілмен жуу

«Естімеген елде көп». Тісті тілмен щеткілеу туралы естіп көріп пе едіңіз? Канадалық жігіттер «жалқауларға арналған тіс щеткісін» ойлап тапты. Ғылымның дамуы тұрмыс-тіршілігімізді күн сайын өзгерістерге толы етеді. Болашақта адамдар қандай тіс щеткісін істетуі мүмкін деген сұраққа осы канадалық екі жігіт Арсал мен Фаиид жауап береді: «Бұл щеткіні қолмен істетпейсіз, тек тіліңіздің ұшына кигізіп алып, тісіңізді айналдырып жаласаңыз болғаны, тісіңіз аршыған жұмыртқадай жарқырап шыға келеді» дейді олар. Сала мамандарының айтуынша, бұл щеткінің артықшылықтары да жоқ емес екен. 

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: geekologie.com

M. Auelkhan