Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Тиым салынған аймақтар

Тиым салынған аймақтар

Тиым салынған аймақтар

Адамның бірнәрсеге деген қызығушылығын оятудың ең бір тиімді тәсілі - тиым салу екендігін кез келген сәби жақсы біледі. Неғұрлым қатал болған сайын, оған деген қызығушылықтың арта түсетіндігі ақиқат. Бір кездері өз елдерінде төмендегідей тиымдарды орнатқан билік басындағылар бұл туралы ойланбағандығына сенімдіміз.

Грекия: видеоойындар


2002 жылы Грекияда компьютерлік ойындардың барлығына тиым салынды. О баста мұндай шешім зиянды және зиянсыз ойындардың арасына шекара қою үшін қабылданған болатын. Заң әлі күнге дейін күшінде болғанымен, гректер оған қолын бір сілтеген секілді...

Куба: Ұялы телефондар


Фидель Кастроның дәурені шарықтап тұрған шақта Куба жеріндегі ұялы телефон қожайындарын саусақпен санап алуға болатын. Бұл құрылғының бағасының қымбат болуынан емес, заң бойынша мұндай еркіндік тек қана билік басындағылар мен шетелдік компаниялардың серіктестіктеріне ғана берілді. Фидель Кастроның өзі бұл әрекетті "ауадай қажетті құрбандық" деп атаған. Кейіннен 2008 жылы билікке Фидельдің інісі Рауль Кастро келді де, ұялы байланысқа тиым туралы заңнын күшін жойды.

Шарап заңдары


Сент-Луис аумағында көшеде отырып сыра ішуге болмайды, Чикагода сізді спиртті сусындар ішкеніңіз үшін қамауға алады. Топика қаласында(Канзас) шарапты шәй кеселеріне құйып беруге тиым салынса, Кливленда жерінде шараптың бөтелкесінен бір ғана адамға ұрттауға рұқсат беріледі. Канаданың Саскачевана ауданында шарапхана ішінде су ішуге тиым салынған екен.

Әскери киім кимеңіз!


Тринидад және Тобаго жерінде камуфляж кисеңіз заңмен қудаланады екенсіз. Жергілікті тұрғындардың әскери адамдарды шатастырып алмауы үшін осындай ереже бекітілген.  

Таңға дейін күтіңіз!


Швейцарияның көпқабатты үйлерінің бірінде тұру арманыңыз болса, бас тартыңыз. Өйткені, онда сағат оннан кейін унитазға су ағызуға тиым салынған. Егер, түн ортасында әжетханаға барғыңыз келсе, суды ағызу үшін таңға дейін күтуге тура келеді.

Сағызға жол жоқ!


Сингапурде сағыз үшін абақтыға жабыласыз. Сағыз шайнауға деген тиым туралы ереже 1992 жылы қабылданды. Десе де, никотинді сағызға рұқсат берілген. Ол үшін дәріхана есігін қағуыңыз қажет.

Сіз басқа да тиым салынған аймақтар туралы не білесіз?

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

680 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 наурыз 2013, 12:59
Пікірлер
+0
28 наурыз 2013, 12:15

Біздің қыздар Сингапурге бір барып келсе...сосын көрер едім

+0
28 наурыз 2013, 12:22

:lol: :lol: ал жігіттерді Чикагоға жіберу керек)

+0
28 наурыз 2013, 12:52

камуфляжға тиым салғаны дұрыс деп ойлаймын! Себебі қазір кез келген аула сыпырушы, ауылда қой бағып жүргендерде кие береді, Бұл әскери киімнің беделін түсіреді деп ойлаймын. Камуфляжды тек әскерге барғанда еию керек!!! :idea:

+0
28 наурыз 2013, 13:12

Швейцарияға барғым кемей қалды ғой :lol:

+0
28 наурыз 2013, 14:22

Швейцария туралы жақында ғана осы сайтқа жазған! :) Грекияның заңына менде бағынбайтын сияқтымын :lol:

+0
28 наурыз 2013, 15:14

әсіресе Швейцарияны айтсай, таңға дейін шыдамаса не істейд?? :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...