Әлемнің әйгілі мүсіндері

Әлемнің әйгілі мүсіндері

Әр ел өзінің ескі де заманауи орындарымен қызықты. Және жыл сайын мыңдаған тіпті миллиондаған туристер сол жерлерді тамашалауға келеді. Көптеген сарайлар, алаңдар, бақшалар ғана адамның назарын өзіне аударып қоймай, сонымен қатар, таңғаларлық мүсін туындылары да көпшіліктің ықыласына бөленіп жатады. Сонымен, ең танымал мүсіндерге тоқталып өтсек:

Дания - «Су перісі», Копенгаген, Дания


Қаланың портында орналасқан мүсін Г.Х. Андерсонның «Су перісі» ертегісіндегі кейіпкерді суреттейді. Мүсіннің көлемі (биіктігі 1,25 метр, салмағы 175 келі) оның танымалдылығына еш әсерін тигізбейді – аталған туынды ертегі тақырыбына жасалған мүсіндердің ішінде ең танымалдылардың бірі. «Су перісін» салуға 1909 жылы Карл Якобсен тапсырыс берілген болатын.

Рио-де-Жанейро қаласының үстінен қарап тұрған атақты мүсін


Монумент әлемдегі ең танымал туристік орындардың бірі болып саналады: шамамен 1,8 миллион адам жыл сайын осы бір жерге қаланың, теңіз айлағының, Панди-Асукар тауларының, атақты Копакабана мен Ипанема жағажайларының әдемі жерлерінен ләззат алуға келіп жатады.

«Венера Милосская»



Ежелгі грек мүсіндерінің ең әйгілі мүсіндерінің бірі бүгінде Париж қаласында орналасқан Лувр галереясында орналасқан. Венера Милосскаяның – Милос аралынан болған Афродита махаббатының әйел құдайының мүсіні біздің заманымызға дейін шамамен 130-100 жылдары ақ мәрмәрден жасалынған. Қазіргі таңда аталған мүсін жер шарындағы ең ескі скульптуралардың бірі болып есептеледі.

Чилидің Пасхи аралындағы тас мүсіндер


Моаи – бұл біртұтас мүсін. Оның салмағы 20 тоннаға жетеді. Ал биіктігі – 6 метрден астам. Дегенмен, биіктігі 20 метр,  салмағы 270 тонна болатын толықтай бітпеген мүсіннің табылғаны да белгілі. Қазіргі кезде Пасхи аралында сегіз жүзден астам моаи мүсіндері бар және олардың барлығы арал орталығына қарап тұрады екен.

АҚШ, Нью-Йорктегі Бостандық статуясы


Әлемдегі ең танымал монументтердің бірі саналатын осы бір туынды жиі «Нью-Йорктың бостандық пен демократия символы» деп аталады. Соған қарамастан, бұл француз халқының АҚШ еліне америка революциясының 100 жылдығына орай жасаған сыйы. Монументтің биіктігі (іргетасын қосқанда) 93 метр (жерден факелдің ұшына дейін), ал Бостандық статуясының биіктігі 46 метр.

Лондон қаласының Трафальгар алаңындағы Нельсон колоннасы


Монумент 1840-1843 жылдары 1805 жылы Трафальгар шайқасында қаза тапқан адмирал Горацио Нельсонның құрметіне тұрғызылды. Биіктгі 46 метр болатын гранит колоннаға орнатылған мүсін оңтүстіктегі теңіз флоты істерін жүргізіп отыратын мекеме мен Портсмутқа қаратылған. Аталған жерде Ұлыбритания Корольдігінің ӘТФ-нің құрамында болған Нельсонның «HMS Victory» кемесі орналасқан жер.

Бельгия, Брюссельдегі «Дәрет сындырып тұрған бала»


Бельгия астанасының ең танымал жерлерінің бірі қоладан тыр жалаңаш баланың бассейнге дәрет сындырып тұрған кейпі жасалған кішкене ғана статуя-фонтан. Мүсіннің жасалған уақыты мен жасалу себебі жайлы ешкімде нақты дерек жоқ. Алайда, ол XV ғасырда тұрғызылған және қала тұрғындары болашақ монархтың көрінісінен ләззат алуы үшін Готфрид ІІІ Левенскийдің баласын бесікпен бірге ағашқа іліп қойған кездегі гримберген соғысына естелік ретінде жасалғаны жайлы ой-пікірлер бар. Нәресте сол жерден ағаш түбінде шайқасып жатқан жауынгерлердің үстіне дәрет сындырған көрінеді. Тағы сыбыстарға сенер болсақ, «Дәрет сындырып тұрған бала» алғашында қала тұрғындарына зәрімен оқ-дәрілерді өшіретін баланы ұмытпау үшін тұрғызылған екен.

Қытай, Лэшанедегі Майтрея Буддасының мүсіні


Жер бетіндегі ең алып Будда мүсіндерінің бірі Линъюньшань (Сычуань провинциясы) тауының жартасына ойып жасалған. Бұл туынды 1000 жыл бойына әлемдегі ең биік мүсін болып саналды. Оның құрылысы Тан династиясының бастмасымен 713 жылы басталып, 90 жылға созылған. Алып ескерткіштің биіктігі 71 метрге жетеді. Ал мүсіннің басы – 15 метр, жауырларының аралығы – шамамен 30 метр. Майтрей Буддасының тас мүсіні ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына енген.

Непал, Сангадағы Шива немесе Кайлашнатх Махадев мүсіні


Шива құдайына арналған әлемдегі ең биік мүсіннің құрылысы 2004 жылы бастау алып 2011 жылы аяқталды. Цемент, мыс, болат және цинктен жасалған монументтің биіктігі шамамен 44 метр. Шива мүсіні – жаңа Непалдың алғашқы назар аударарлық орны.

Мысыр, Каир қаласындағы үлкен Сфинкс


Ніл өзенінің батыс жағалауында орналасқан монументтік скульптура ғаламшарымыздағы барлық мүсіндердің ішіндегі ең байырғысы. Үлкен Сфинкс монолиттік туынды болып саналады. Ол әк жартасынан ойылып жасалған. Ежелден бастап, Хафра пирамидасының жанында құмда жатқан арыстан келбеті біздің заманымызға дейін 2558-2532 жылдары билік еткен фараонның портреттік ұқсастығы бар саналды. Ұзындығы 73 метр, ал биіктігі 20 метр болатын мүсіннің алдыңғы екі табанының ортасында ғибадатхана болған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru, bestmaps.ru

Ж. FM