Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Шайпұл берген дұрыс па?

Шайпұл берген дұрыс па?

Шайпұл берген дұрыс па?

Алыс-жақын шетелге шыққан бойда кез келген жолаушы жергілікті мейрамханаларға кіріп, ұлттық дәмнен ауыз тиеді. Қала көшелерін аралап, такси шақыртады. Қонақүй қызметіне жүгініп, қоғамдық орындардан бой көрсетеді. Осы кезде қызмет үшін қалдырылатын тиын-тебеннің қандай мөлшерде болатынын ескеру қажет.

Әр елде қызмет үшін берілетін шайпұлдың мөлшері әр түрлі болады. Ыңғайсыз жағдайға түсіп, жергілікті әдеп пен тәртіпті бұзбас үшін шайпұл ережесін анықтап біліп алу керек.

Әрине, көптеген мемлекеттерде көлік жүргізушілері, даяшылар, қонақүй қызметкерлері өз еңбектеріне қосымша ақы алған кезде қуанады. Алайда, кейбір елдерде қосымша ақы алу дұрыс емес. Мысалы, Жапонияда көрсетілген қызметке өз ризашылығыңызды білдіріп, шайпұл тастап кетсеңіз, сізді жергілікті халық түсінбейді. Токио қаласындағы кейбір мейрамханалар қолма-қол ақша-қаражаттарды қабылдамайды. Ол кезде карта не чекпен есеп айырысуға тура келеді. Ал шет аймақтағы қалалар мен аудандарда көрсетілген қызмет үшін ешкім артық ақы алмайды. Тек ірі туристік орталықтарда экскурссиядан кейін гидке не қонақүй қызметкеріне 1 доллар беріп кетсеңіз болады. Бұл жылы ықыластың белгілі.

Исландия елінде де Жапониядағыдай қосымша ақы алу дұрыс емес. Мұндай жағдай Швецияда да орын алады. Себебі, көрсетілген қызметке 7-10% мөлшердегі төленетін ақы шотқа енгізілген. Ал такси жүргізушілері қосымша ақы алуға тиісті емес, алайда, жолаушы тарапынан берілген ризықты қуана-қуана қабылдайды.

Қытай елінде көрсетілген қызмет үшін қосымша ақы алуға біраз уақыт дейін тосқауыл қойылған. Қазір бұл тыйым алынып тасталынғанмен, әу бастағы тәртіп өз күшін жоймаған. Алайда, көрсетілген қызметке ризашылығыңызды білдіріп, 1-2 доллар шайпұл қалдыруыңызға болады. Әдетте, Пекин, Шанхай сияқты ірі қалалардың мейрамханаларында көрсетілген қызмет ақысы шотқа енгізіледі.

Испания халқына көрсетілген қызметке қосымша ақы алу таңсық емес. Әдетте шайпұл мейрамханалар мен кофеханаларда қалдырылады. Сондай-ақ, қонақүй қызметкерлері мен экскурсия жетекшісіне 1 еуро қалдыруға болады. Барселона, Мадрид қалаларындағы кішкентай мейрамханалар мен шағын кофеханаларда 10-20 цент көрсетілген қызметке ақы беріледі.


Италияда көрсетілген қызмет ақысы мейрамхана, такси мен қонақүй шотына енгізілген. Алайда, такси қызметіне ризашылық білдіру мен қонақүй қызметкеріне аптасына бір рет 5 еуродан шайпұл беру керек. Ал мейрамханаларда даяшы қызметі үшін берілетін тиын-тебен арнайы тәрелкеде қалдырылады. Сондай-ақ, кейбір мейрамханаларда «servizio e coperto» үшін ақы алуы мүмкін. Бұл ақы нан-тоқаштар мен ас ішетін саймандар үшін төленеді.

Израиль халқы үшін қосымша ақы алу қалыпты жағдай. Мейрамханалар мен қонақүйлерде көрсетілген қызметтің жалпы ақысынан 12% мөлшерде қосымша ақы қалдырылуы тиіс. Қолма-қол ақша-қаражаттарыңыз болмай жатқан жағдайда, бұл туралы қызмет көрсетушіге алдын ала ескертіп қоғаныңыз абзал. Көрсетілген қызмет ақысы жалпы шоттан алынатын болады. Такси жүргізушілері әрбір шамадан үшін қосымша 3,5 шекель алуы мүмкін.

Индонезияда жүк тасушыға бір жүк үшін 500-1000 рупий аралығында ақы беруге болады. Такси жүргізушілері өз қызметіне қосымша 3 000 рупий алады. Мейрамханаларда жалпы шот есебінен 5–10% ақы төленеді. Мұндай ақы мөлшерін Үнді елінде де кездестіруге болады. Алайда, бұл елде шайпұл алу мен беру құрмет пен ризашылықтың белгісі.

Малайзия елінде көрсетілген қызметтің қосымша ақысы кішкентай мөлшерде болса, бұл дөрекілік пен құрметсіздіктің белгісі. Сондықтан да, жалпы есеп шоттан 10% мөлшерде шайпұл беру керек. Жүк тасушы мен гид қызметі үшін 1 доллар ақы қалдырылады.

Америка Құрама Штаттарында қосымша ақы төлеу жүйесі ерекше. Көптеген штаттарда салық ақысы алынып, қызметке берілетін шайпұл мөлшері жалпы есеп шоттың 15–20%-ы болуы мүмкін. Қонақүй қызметкерлеріне тәулігіне 1-2 доллар берілуі тиіс.


Франция елінде қосымша ақы жалпы есеп шоттың 15–16%-ын құрайды. Париж мейрамханаларында қосымша ақы қалдырылатын арнайы тәрелке болады. Франция елінің басқа аймақтарында даяшыларға еңбек ақы төленбейді. Сондықтан да, көрсетілген қызметке төленетін қосымша ақы ризашылықтың емес, үлкен қажеттіліктің белгісі.

Әрине, көрсетілген қызметке қосымша ақы беру-бермеу өз шешіміңіз. Ешкім шайпұл беруге міндеттемейді. Алайда, сапалы қызмет пен сыпайы қарым-қатынасты көргіңіз келсе, артық тиын-тебен беруді ұмытпаңыз.

Суреттер: thewomenlife.com, autogrill.ua

507 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 наурыз 2012, 07:00
Пікірлер
+0
11 наурыз 2012, 15:10

шайпұлды айыппұл деп оқып отырмын банадан бері :)

+0
11 наурыз 2012, 15:12

=))))Айыппұл берген дұрыс емес, ендеше)))

+0
12 наурыз 2012, 16:26

айыппұлдың екі түрі барғо

+0
13 наурыз 2012, 13:08

кандай екен?

+0
13 наурыз 2012, 13:12

АҚШтың кафелеріне барып, "шайпұл" төлемей қашып кететінбіз. Бізді жабайылар деп есептеген шығар )))) Негізі, бізді алдын-ала шайпұл қалдыру керек деп есткертті. Ой, оған артық ақша қайда бізде )))
ҚЗда берудің қажеті жоқ! И так то "за обслуживание" деп 10-15 пайыз қосады ғой.

+0
13 наурыз 2012, 13:16

Соған қарамастан, кейде мәрт болып, береміз ғой))

+0
25 шілде 2012, 17:54

менің "шайпұл" бергім келмейді. :x :x :x :x :x

+0
25 шілде 2012, 18:04

менің де бергім кемид! И так то "за обслуживание" деп 10-15 пайыз қосады ғой.(с)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...