Мисыз Карлос

Мисыз Карлос

26 жастағы американдық Карлос Родригес көлік апатына ұшырап, көліктің алдыңғы терезесінен ұшып барып, жолға баспен бір-ақ түскен. Жедел медициналық көмек Карлос Родригестің өмірін сақтап қала алды, бірақ, ол енді мидың маңдай бөлігінсіз өмір сүруге мәжбүр.

Карлостың айтуынша, есірткі мен ішімдік қолданған күйде ол өзінің достарымен бірге көлік ұрлап әкеткен. Көлікт өте жоғары жылдамдықпен айдаған жігіттер, көлікті басқара алмай, бағанаға соғысқан. Родригес көліктің алдыңғы терезесінен ұшып, жолға баспен бір-ақ түскен.

Енді Карлос өмірден еш түңілмей, қуанып, өмірін шаттықпен өткізуде. Шынын айтар болсақ, Карлосқа апатқа дейін де мидың керегі болмаған: ол марихуанаға тәуелді болып, қылмыстық іспен айналысып, есірткі қолданған күйде автокөлікті жоғары жылдамдықпен жүргізетін болған.

Көптеген адамдардың маңдай бөлігін алып тастаса олар өзгермейді. Себебі мидың маңдай бөлігі ақылға, адамның бірегей қабілеттеріне жауап береді. Олар шығаршылық, ойшыл адамдарға қажет. Егер талантты композитордың немесе суретшінің маңдай бөлігін алып тастайтын болса, олар данышпандық шығармалар жасай алмайды.

Адамдар көбіне есірткі, ішімдік қолдану арқылы маңдай бөлігі қызметін өшіріп тастайды. Соның арқасында (мүмкін кесірінен) олар жан азабынан арылып, Карлос Родригес сияқты қуанышты өмір кешеді.  

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: prosnisipoy.com, fenix.vn.ua

Ж. FM