Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / 1 долларға не сатып алуға болады?

1 долларға не сатып алуға болады?

1 долларға не сатып алуға болады?

1 долларға әлемнің әр елінде не сатып алуға болады? Сөйтсек, "балық педикюрінен" бастап 40 бөдене жұмыртқасына дейінгі аралықта өте-мөте көп нәрсе сатып алуға болады екен.

Камбоджа: "бақытты сағаттар" (Happy Hour) саналатын құйып сатылатын сыра немесе зімбір (имбир) өсімдігі қосылған отқа қақталған құрбақа, қытырлап тұрған қуырылған өрмекші, 20 минут "балық педикюрі", 4 литр ауыз су, Ангкор-Ватадан теркөйлек (майка) (әрине, ар жағында шамалы тиын қосып жақсысын алуға болады), екі бөтелке «Кока-Кола», елу грамм дат сыры. Сонымен қатар, 1 долларға кір жуатын орталыққа бір келі киімдеріңізді алып бара аласыз.

Аустрия, Вена: "Kornspitz" тоқаш наны.

Филиппин: жарты сағат аяқ массажы, қуырылған ұсақ балықтар, шашты қысқартып алу, 28 «Мальборо» темекісі, "7Eleven" кофесі, "AA" тұрпатты 3 батарейка, екі сағат интернет, "Mr. Donut" дөңгелек бүйрегі (пончик), 2 сағат таксиде жол жүру, 4 литр ауыз су мен табақ-табақ палау.

Испания: Канар аралдарында, оның ішінде Тенерифеде 1 долларға бір шыныаяқ кофе келеді.

Вьетнам: бір күн бойына велосипед жалдау, сүтпен екі шыныаяқ кофе, "Mobifone" симкасымен 15 минут әңгімелесу, «Фо сорпасы, кішкене көлемде кір жуу, 250 грамм қантталған зімбір, 40 бөдене жұмыртқасы, 1 вьетнам қалпағы, бір-екі газет, 1 DVD, 7 литр ауыз су, "Halida" сырасының екі шөлмегі, 1,25 л бензин.

Ұлыбритания: жарты литр бензин, екі темекі (екі пар), 3 алма, газет.

Хорватия: үлкен мөлшердегі балмұздақ.

Дания: бір литр сүт, ашық хатқа арналған маркалар.

Венгрия:  Будапеште 1 долларға 1 балмұздақ немесе  4 кішкене алма немесе 1 гамбургер немесе 1 газет немесе ескі қалада жарыт сағатқа автокөлік (парковка) қоюға болады.

Түркия: автобусқа билет, «Кока-Кола» банкасы, сендвич, бір құты шай, екі-үш газет, бір келі апельсин немесе алма, жарты келі банан, екі бөтелке су ( 0,5 литрлік), екі сопақ нан (батон).

Италия: бір шиша арзан вино немесе 1 келі спагетти немесе 6 бөтелке минералды су немесе бір "ибупрофен" таблеткасы (арзан виноның бас ауыртуын қойдырады).

Колумбия: бір құтыаяқ шай мен бірнеше тәтті тоқаш нан. 

Оңтүстік Корея:  Сеулде 1 долларға автобуста немесе метрода серуендеуге болады.

Таиланд: бұл елде біршама нәрсе келеді (бір литр бензиннен бастап бірнеше бөтелке ауыз суға дейін).

Египет: үлкен мөлшерде "koshary plate" (құрамы: күріш, макарон, шыжғырылған жуа, жасымық, бүйрек нан мен фаляфель) асы.

Үндістан:  Колькатте қаласында 1 долларға тыңқиып тойып алуға болады.

Коста-Рика: папайя, ананас немесе қарбыз.

Аустралия: көп ақша ұтуға мүмкіндік сыйлайтын лотерея билеті.

Иордания: майға қуырылған картоп немесе кофемашинаның екі құтыаяқ кофесі.

АҚШ: Лос-Анджелесте 1 долларға "Blue Bus"-пен қыдыруға немесе көлікті тұрақта тастап кетуге болады.

Никарагуа: бір бөтелке сыра.

Аргентина: тәтті тоқаш жеуге болады.

Индонезия:  Манадода көгөніс пен күріш қосылған қуырылған тауық етіне тойып алуға болады.

Бір сөзбен айтқанда, 1 долармен Вьетнам, Таиланд, Филиппин секілді елдерге барған дұрыс. Ал біздің елде 1 долларға не келеді?

сурет:nasha.lv

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

4135 10
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 13 наурыз 2013, 19:47
Пікірлер
+0
13 наурыз 2013, 19:16

Бізде үш түйір баклажан сатып алуға болады )

+0
13 наурыз 2013, 19:25

10 теңге қосып жіберіп 1,5 л сусын алуға болады)

+0
13 наурыз 2013, 19:57

су мен самса алуға болады)

+0
13 наурыз 2013, 20:04

Қайыршыға беруге болады))

+0
13 наурыз 2013, 20:08

150 теңгеге гамбургер, минералды су, сникерстің үлкенін...бізде де біраз нәрсе алуға болады екен ғой

+0
14 наурыз 2013, 07:13

Сникерс алуға болады)))

+0
14 наурыз 2013, 10:37

Жәй әмиянға салып, "ақша әкеледі" деп ойлап жүрсе болады

+0
14 наурыз 2013, 20:33

бір пачка темекі түседі, қысқасы магазиннен штучныйларлың бәрі түседі

+0
17 наурыз 2013, 12:10

тура сасисада көргем осыны

+0
23 наурыз 2013, 21:31

бізде 3 рет автобуспен жүруге болады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол
ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...