2013 жылғы миллиардерлер тізімі

2013 жылғы миллиардерлер тізімі

Әлемге әйгілі «Форбс» журналының интернет бетінде 4 наурыз күні әлемдегі ең бай миллиардерлердің тізімдігін қайта сараптады. Бұл тізімнің 1426 миллиардер тіркелді.

Милиардерлердің көшбасын бұрынғыдай Карлос Слим Элу мен Билл Гейтс бастап тұр. Карлос Слим осымен осыдан төрт жыл бұрын көш бастап еді. Содан бері жалғасты төрт жыл бойына жершарындағы ең бай адам деген атағын сақтап келді. Оған дейін Билл Гейтстің орнын ешкім иеленбеген болатын. Былтыр ғана осы "Форбс" журналы әлемдегі үшінші бай атанған Уоррен Баффет биыл 53,5 миллиард доллар байлығымен төртінші орынға түсіп қалған. Айта кетерлігі, ол да осы үшінші орындық деңгейін жалғасты 14 жыл бойына сақтаған екен. Сонда да оның биылғы табысы өткен жылдағыдан 9,5 миллиардтқа көбейген.  Ал оның орынын иеленген, биылғы санақта үшінші бай атанған Zara сауда белгісінің құрушысы Амансио Ортега. Ол осыдан бұрын алдыңғы бестікке де кіре алмайтын еді.

Карлос Слим Элу

Билл Гейтс

Амансио Ортега

Уоррен Баффет

Бұл тізімдегі миллиардерлер өткен жылдағыдан 210 адамға көбейген. Ал өткен жылдағы 60 миллиардер тізімнен сырт қалған. Биыл бұл тізімге тұңғыш болып Вьетнам, Непал, Ангола, Свазиленд елдерінің қалталылары да еніп отыр.
Сонымен, ең бай атанған Мексика телеграф шонжары Карлос Слим Элу. Жалпы экономикалық қаржысы - 73 миллиард АҚШ доллары. (Өткен жылы 67 миллиард долларды құраған).
Екінші орындағы Майкрософт компаниясының құрушысы Билл Гейтстің байлығы 67 миллиард АҚШ доллары.  

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек