Иран астанасында алып тышқандар пайда болды

Иран астанасында алып тышқандар пайда болды

Иран астанасы Тегеран көшелерінде таңғажайып үлкен тышқандар пайда бола бастаған. Әрбірінің үлкендігі 4-5kg болатын бұл тышқандарды тізгіндеуге дәрінің күші жете қоймасы да белгілі болды. Сол себепті, арнаулы мергендер дайындалып, іске кірісіп отыр. Қазірге дейін екі мыңнан астам тышқан өлтірілді. Тегеран қалалық комитеттің кеңесшісі «Иран астанасындағы бұл таңғажайып, қатерлі "құбыжықтың" салмағы орта есеппен 4kg асып кетті. Үлкендігі мысықпен бірдей бұл мақұлық мүмкін гендік өзгерістің әсерінен болуы мүмкін. Немесе, қайта-қайта зерттеліп отырған ядролық сынақтың әсері болуы да әбден мүмкін. Егер тәбиғи гендік өзгеру құбылысы жүрсе, бұл тышқандардың осы қалыпқа келуіне кемінде миллион жыл керек еді» дейді.

Ал бұған жағасын ұстап, таң қалып отырған жергілікті тұрғындар бұл ядролық сынақтың әсерінен деп, белгілі бір топты айыптап отыр.

Бұл алып тышқандарды тышқан дәрісімен өлтіру мүмкін болмаған. Себебі, олардың дененсінде дәріге қарсы ерекше организмдер жетілген дейді зерттеушілер. Сондықтан да арнаулы «мергендер» ұйымдасып, қазірге дейін 2205 алып тышқан өлтірілді. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: stihi.ru

Қ. Қауымбек