15 минут ішінде балық аулау әдісі

15 минут ішінде балық аулау әдісі

Мали, Догон өңірінің солтүстік бөлігіндегі, Бамба ауылының маңында кішкене әулие көл бар. Бұл жерде балық аулауға жылына тек бір-ақ рет рұқсат беріледі. Нақтырақ айтсақ, Антого деп аталатын бірегей салт жорасы кезінде ғана.

Бұрындары бұл аймақтың табиғаты өте әдемі болған көрінеді: айнала жап-жасыл, ал көл жергілікті халықты балықпен қамтамасыз етіп отырған.

Ауа райының өзгеруінен Бамба аумағы қайырсыз шөлге айналғанына қарамастан, көлшікте аз да болса балық бар екен.

Жергілікті басшылар қалағандардың барлығы балық аулағысы келетін ерекше күнді белгілейді. Сөйтіп көл бар болғаны 15 минут ішінде түгелдей балықсыз қалады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM