Еуропалықтар жылына 80 мың тонна жылқы етін тұтынады

Еуропалықтар жылына 80 мың тонна жылқы етін тұтынады

«Жаңа дәуір» журналының 20 ақпан күнгі санында еуропалықтардың жылқы еті жайлы пікірлері мен «Жылқы етін сиыр еті орнына сату» оқиғасы жайлы шолуы жарияланды. Еуропада жылқы етін жеу шектелген. Өйткені, жылқы - мысық пен ит сияқты адамдарға жақын хайуан және адамның досы. Бірақ, осындай себептерге қарамастан, кәрі құрлықтағы елдердің ас мәзірінен жылқы еті үзіліп көрген емес. Санды мәліметтерге негізделсек, Еуропада жылына 80 мың тонна жылқы еті желінеді екен. Тұтынушылар жылқы етінің бағасы арзан, әрі сиыр етіне қарағанда денсаулыққа пайдалы деген көзқараста. «Жылқы етін сиыр еті орнына сату» оқиғасынан кейін жылқы еті туралы толқу тағы басталды. Франция, Бельгия, Швеция, Голландия, Германия және Австрия сынды елдерде жылқы еті тұрақты түрде дастарханда тұруы керек. Франциялық жылқы еті саудагерінің айтуынша: «Осы шудан кейін жұмыс орнында болсын, жол үстінде болсын, әлеуметтік орталарда жылқы еті жайлы әңгіме болмай қалмайды. Адамдардың жылқыны сойып, етін жеуге деген құмарлығы олардың жылқыға деген жанашырлығын басып түсуде».

Ет туралы, әсіресе жылқы туралы әңгіме болса, көшпенділер жұрты көз алдыға елестейтін заман өтті деп айту ертерек болар, дегенмен қалтасы жұқа қалың қазақты Еуропа жұртының ет жеу жағынан да басып озып бара жатқаны белгілі екен.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: zooclub.ru

M. Auelkhan