Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Барсакелмеске бармаңыз

Барсакелмеске бармаңыз

Барсакелмеске бармаңыз

Есіңізде ме, бала кезімізде адам бір барса қайта келмейтін "Барсакелмес" арқау болатын ертегілерді оқушы едік қой... Ата-әжелеріміздің аузынан еститінбіз. Ертегіге қанығып алған соң: "Қандай қорқынышты... Сонда барған адам шынымен келмей ме? Ол қайда екен? Мен барсам, ондағылардың бәрін жеңіп тастаушы едім..." сынды ойларға батып, ұйқыға кететінбіз. Сенесіз бе, сондай "Барсакелмес" шынайы өмірде де бар екен...

Кенияның солтүстігінде жатқан Рудольф аталатын өзеннің алқабында ерекше арал бар. Арал картада Оңтүстік деп берілетіндігімен, жергілікті тұрғындар "Энваитенет" дейтін көрінеді. "Энваитенет" сөзінің қазақша баламасы - "Барсакелмес".

Әрине, бұл атау ешқандай заңмен бекітілмеген. Ол өңірдің байырғы тұрғындарының айтуынша, ерте кезде құл сатумен айналысатын жауыздардың қолынан бір отбасы қашып шығып, осы аралға кеткен көрінеді. Қанша іздегенмен олар табылмады және қайта оралған емес. Ал құлдарды іздеуге аттанғандардың өзі сонда біржола қалып қойған. Із-түссіз кеткен. Кейбіреулер мұның себебін аралды мекен ететін алып кобрамен байланыстырады.

1956 жылы өзенде Вивиан Фуш бастаған экспедиция жұмыстары жүргізілді. Бұл жолы арал аумағына Мартин Шэфлис және Бил Дайсон есімді қызметкерлерді аттандырады. Африка жерін өте жақсы білетін тәжірибелі геологтар межелі жерге аман-есен жеткендіктерін хабарлайды. Тіпті, екі күн бойы "Бәрі ок" дегенді айтудан таймаған.

Алайда біраз уақыттан кейін дабыл доғарылады. Үрейленген Фуш ағылшындықтардың артынан үш құтқарушыны жібереді. Олардан қайран болмаған соң, жақын маңдағы Марсабит қаласынан көмекке тікұшақ шақырылады. Екі күн бойы үлкен топ кішкентай ғана аралдың тау-тасын қопарып, шөп-шалаңына дейін тексереді. Тіпті, жоғалғандарды тапқандарға көлемді сыйақы тағайындалады.

"Өкінішке орай нәтиже болмады. Олар сол кеткеннен оралмады, іздері де табылмады.  Африканың осы бір тас керең, қатыгез жерлерінің құшағында қалып қойған адамдарды ешкім көрмеген. Және бұл құпияның шешуін ешкім таба алмайтын да шығар..." деп жазады Фуш Вивиан өзінің күнделігінде.

Аталған оқиғадан кейін бірнеше жыл өтісімен Барсакелмес жеріне көшпелі самбуру тайпасының жауынгерлерінің озбырлығынан қашқан эльмоло тайпасы қоныстанады. Бастапқы кезде бәрі де жақсы, бәрі де тыныш еді. Олар жағалауға шығып, өздері аулаған балықтарын тері мен сүтке айырбастап, тіпті, туған-туыстарын қонаққа шақыратын болған.

Көп уақыт өтпей жатып көптен күткен оқиға орын алды. Тайпа өкілдері көзден жырақ кетті. Мұны байқаған ел-жұрт жан-жаққа хабар береді. Арнайы топ аралға келгенде қаңырап жатқан шағын ауылды көреді, заттарға ешкім тиіспеген, от енді ғана сөнген, тіпті өзеннен ауланған балықтар да өз қалпында жатыр екен. Бірақ дардай отыз адам қайда кеткен? Жер жұтып қойды ма? Құпияны ақтаруға жол ашатын ешбір дәлел, ешбір із жоқ.

Дүниені дүр сілкіндірген Барсакелмес аралы туралы небір пікірлер, небір тоқтамдар айтылып жүр. Бірі - жыландарға жапса, екіншісі - теріс күштерден көреді. Соңғы кезде Патшалық географиялық қауымдастық мүшелері: "Рудольф өзені жанартаудың атқылауынан пайда болғандықтан, ол жерден улы газдар бөлінеді де, адам психикасына теріс әсер етеді. Нәтижесінде, есінен ауысқан адамдар өздерін өзенге тастап, өледі" деген тұжырымды да айтып жүр. Алайда ақиқат әлі күнге дейін белгісіз.

Соңғы жоғалған отыз адамнан кейін бұл жерге ешкім аяғын аттап баспайтын болды.


Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

15718 21
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 09:25
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 10:23

korkamin :cry: Bargim keledi birak...

+0
20 ақпан 2013, 11:22

ияяя, жер шарынын купиясы коп. Ол тек бiр Аллага гана аян!

+0
20 ақпан 2013, 11:47

осындай құпияларды адамзат атаулы ешқашан аша алмайтын шығар

+0
20 ақпан 2013, 12:23

бармаймын

+0
20 ақпан 2013, 13:22

обожаю таких мистических приключений

+0
20 ақпан 2013, 21:22

Қазақстанда да барсакелмес бар сияқтығой,Қызылорда жақта деп естігем шынба???

+0
20 ақпан 2013, 22:19

"Барсакелмес" қорығы ма?

+0
21 ақпан 2013, 12:46

екеуі екі бөлек жер :lol:

+0
21 ақпан 2013, 12:41

иә, біз жақта бар, келіп көріңіз! :P

+0
21 ақпан 2013, 12:53

Қанша барсақ та келіп жүрміз деп қой, әйтпесе қорқып қалар! (сен де Барсакелместенсің бе?)

+0
21 ақпан 2013, 12:59

Біз жақта (қазалы да) "Барсакелмес" деген край бар, мен сонда тұрам :)

+0
21 ақпан 2013, 13:06

Жерлес, крайлас кенбіз ғо, Айнұр!

+0
20 ақпан 2013, 21:24

менде барғым келет интересно))барі жұмбақ,,,

+0
20 ақпан 2013, 22:56

Ма ма білмеппін мынаны. Таңқаларлық екен

+0
21 ақпан 2013, 04:04

ма саган мынау деген сумдык кой бирак билгин келип ынтыгады екенсин :( :( :(

+0
21 ақпан 2013, 22:00

коркиништи,бирак баргим келет,коргим келет :roll:

+0
26 ақпан 2013, 10:50

бастарына противогаз кигізіп камера байлап ап жіберу керек кой адамдардың!

+0
27 ақпан 2013, 21:33

Арал теңізінде БАРСАКЕЛМЕС деген арал бар

+0
09 наурыз 2013, 14:56

мен де барғым келеді. ол не жұмбақ екен соны білгім келед

+0
18 наурыз 2013, 13:27

Сонғы суретте қзақтың киіз үйлеріне ұқсайды екен :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...