Мұражайға арналған түрме-арал

Мұражайға арналған түрме-арал

Порт-Блэр - үнді Андаман аралдарының астанасы. Қазірде бұл жерге саяжай экзотикасында демалу үшін әлемнің әр елінен асығатындар көп. Бірақ сол туристердің көбі бұл жердің атақты түрме орны болғанын біле бермейді.

Британдықтар басқаратын Үндістан кезінде бұл жердің атын естудің өзі бойға қорқыныш ұялататын еді.

Ал бұл жердің атауын әркім-ақ бала кезінен Артур Конан-Дойлдың «Төртеудің белгісі» атты романы арқылы біледі. Ал Кеңес кезінде бұл ер туралы «Агра қазынасы» («Сокровища Агры») атты Шерлок Холмс пен доктор Ватсонның ісі туралы баяндайтын фильм де түсірілген болатын. Сюжеттік желі бойынша айтсақ, дәл осы аралдардан қылмыскер Джонатан Смолл қашып кеткен болатын. Есіңізде болса, Шерлок Холмс оны аяғында әйтеуір ұстайтын еді ғой?

Романда Смолл бұл аралдар туралы былай дейтін: «Безгек жұқтыратын сазды су үстіндегі 20 жыл! Күндіз қолыңнан күрек түспейді, түнде сасыған түрмеде шірисің. Шыбын-шіркей, безгек...».   

Адамдарды жазалап, қинайтын түрменің ескерткіштері бұл аралда әлі де бар. Бірақ оны кейін елдің асыл тарихы деп, мақтаулы орын деп санайды. Соттық камералардан жасалған түрме саяси тұтқындарды ұстайтын жер ретінде соғылған.

Мұражайға арналған кешенде түрлі жазалау құрылғылары бар. Түрменің қатал шаралары болған. Сондықтан да бұл жерде өлім жазасы болған. Адамдарды асу, ату және басқа да жазалау орындары соның айғағы.

Түрмені 1896 жылы соғып бастаған екен. Ал 1906 жылы жеті қанатты корпус дайын болған. Сол уақыттарда бұл түрме ең жаңа, заманауи құрастырылған түрме болған екен.

Бұл камераларда үнділердің тәуелсіздігі үшін күрескен талай атақты атамдар отырыпты. Соның ішінде үнді ұлтшылы, ақын, жазушы және диссидент Винаяк Саваркар бар. Қазірде оның отырған бір адамдық камерасын туристерге көрсетеді. Бөлме қабырғасында Саваркардың суреті бар. Сол кездегі түрмеге түскен адамдар киетін киіммен бейнеленген.

Қарауыл жасайтын мұнара қазірде аумақты бақылайтын орынға айналған.

Бірақ бұл жердегі адамдарды жазалау тарихы одан да әрірек. Адамдарды түзеу колониясы 1789 жылы Бенгал билігінің үкімімен салынған болатын. Ал үнді көтерілісінен кейін (1857-59) британдық билік бұл жерде қатаң тәртіпті түрме салуды ұйғарады екен. Бұл бірақ Порт-Блэрмен көршілес аралда болған.

Росс аралындағы түрме 1864 жылы салыныпты. Қазірде бұл аралда түрме қабырғаларының үйінділерінің үстінен арлы да берлі секірген еліктер ғана өмір сүреді. Бір қызығы, екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде бұл жерге жапондықтар да ат басын тірепті. Бірақ олар бұл жерде тұрақтай алмаған.

Андаманның байырғы аборигендері қазірде де бар. Оларды көруге немесе суретке түсіруге қатаң тиым салынған. Ал бұрынырақта түрмеге түскен адамдарды осы аборигендер улы жебемен атқан екен. Қазірде демалыс орындарының бірқатар жерлерінде олардың маникендері қойылған.

 

Бүгінде Порт-Блэрде 100 мың адам қоныстанған. Мұнда көптеген қонақүйлер мен туристрік орталықтар салынған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rian.ru

А. Құлтай