Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлем оқушыларын жинаған Саппоро

Әлем оқушыларын жинаған Саппоро

Әлем оқушыларын жинаған Саппоро

Әлемдегі ең мейірімді әрі ең көңілді мереке - балалар ойлап тапқан, сәбилер қатысуымен атап өтілетін мереке екендігіне таласыңыз жоқ болар. Саппорода дәл бүгін, ақпан айының бесінші жұлдызында өткізіліп жатқан "Қар пішіндерінің фестивалі" де дәл осындай мерекелердің қатарына жатады. Бұлай дейтініміз, жыл сайын өткізіліп тұратын дәстүрлі сайысты о баста ұйымдастырған - мектеп оқушылары еді. Бәрін басынан бастайық.

Оқушылар 1950 жылы Саппороның орталық алаңында қардан 6 мүсін жасайды да, думанды кеш ұйымдастырады. Алғашқы шараға 50 мың адам қатысқан екен. Балалар ел-жұртқа көңілді болсын деп, атыспақ сынды алуан түрлі қар ойындарын да өткізеді. Бірнеше жылдан кейін фестиваль күллі Жапония жеріне тарап, мемлекеттің кішкентай тұрғындарын бір ортаға жинайтын ауқымды шараға айналып шыға келеді.

1959 жылы "Қар" мерекесінің он жылдығы үлкен деңгейде атап өтіліп, сайысқа 2500 адам қатысады. Дәл осы оқиғадан кейін оның аты әлем халықтарына белгілі болып, дүбірлі сайыс туралы газет-журналдар мен радио-теледидарлар хабар тарата бастайды.

1972 жылы Саппоро - қысқы Олимпиада ойындарының астанасы атанып, "Қар фестивалінің мәртебесі одан сайын асқақтай түсті. Шет елден арнайы келетін туристер мен қарсүйгіш балалардың қатары күрт көбейіп сала берді.

ХХІ ғасырда да өз мәртебесін жоғалтпаған, керісінше аса танымалдылыққа ие болған мереке бүгінде үш бірдей алаңда ұйымдастырылып, екі миллионға жуық адамды жинайтын болған. Дәл қазір әлемнің думан, ойын-сауық сүйетін белсенді оқушылары Саппоро жерінде десек, артық айтқандығымыз емес. 63 жылдық тарихы бар мереке бір аптаға жалғасады.


Суреттер::liveinternet.ru,beway.ru,designinfomarket.ru,a-movies.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2153 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 ақпан 2013, 16:55
Пікірлер
+0
05 ақпан 2013, 18:35

осындай мерекелері бар қандай жақсы

+0
05 ақпан 2013, 22:21

әрі көңілді))

+0
06 ақпан 2013, 07:11

Керемет көңілді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...