Күн бетіндегі жарылыс Жерге әсер етуі мүмкін

Күн бетіндегі жарылыс Жерге әсер етуі мүмкін

НАСА (АҚШ-тың ғарыш кеңістігін зерттейтін ұлттық басқармасы) мекемесі кеше мынадай хабар берген: «Бүгін күн бетінде Жер шарына ықпал ететін жарылыс болды. Бұл Жер шарының атмосфера қабатында тағы бір күшті жарылысқа себеп болуы мүмкін».

Бұл айтылған күн бетіндегі жарылыстың Жер шарына төндірер аса қуатты қаупі жоқ. Дей тұрғанмен алда-жалда атмосфера қабатында жарылыс бола қалса, ең алдымен адамдар қолымен ұшырған жасанды жер серіктеріне әсер етуі әбден мүмкін. Ондай жағдайда электр, интернет желілері және байланыс құрылғылары бір сәт байланысын тоқтатады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: brisbanetimes.com

Қ. Қауымбек