Мұстафа Ататүрікке арналған таңғажайып туынды

Мұстафа Ататүрікке арналған таңғажайып туынды

Атақты Анатолия түбегі орналасқан Эрзинджан қаласында беліглі түрік реформаторы әрі Түрік Республикасының тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің 130 метрлік портреті бар. Ататүріктің құрметіне арналған портрет 1982 жылы 3000-ға жуық еріктілердің қолымен салынған болатын.

Портреттің негізгі бөлігін сол маңға жақын жеті ауданнан арнайы жиналған әктастар мен қойтастар және 100 тонна қара және ақ бояулар құрайды.

Айдай әлемді аузына қаратқан геоглиф-портрет "ғарыштан көрінетін жүздердің" тізімінде екінші орнында тұр. Ал бірінші орынды АҚШ-тағы Невада штатында орналасқан  KFC фастфудының логотипіндегі полковник Сандерстің портреті қанжығасына байлаған.

Сурет салынған таулардан Мұстафа мырзаның суретінен басқа көруге тұрарлықтай дүниелер жетіп жатыр. Ол не десеңіз? Алдыңыздағы суретке мұхият қараңызшы.

Тау мен портретті адам мен табиғаттың бірлесе жасаған таңғажайып дүниесі деп атауымызға әбден болады.

Суреттер: esosedi.ru

Дайындаған: Болат Қосмағамбет