Енді қармен атысу да заңға қайшы

Енді қармен атысу да заңға қайшы

Бельгияның Фландриясында бұдан былай қармен атысып ойнауға тыйым салынды. Ендігіде қармен атыссаң, айыппұл да төлейсің.

Қармен атысып ойнауға тыйым салу туралы қаулы үкіметтің аталған ойынды тас лақтырумен бірдей деп есептегенінен соң қабылданған. Шенеуніктердің ойынша, мұндай ойындар ересек адамдар мен балалардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін екен. Егер де кімде-кім қармен атысып ойнайтын болса, оған 100 евро көлемінде айыппұл салынады. Ал осы ереженің бұзылмайтынын бақылайтындар – жергілікті полиция қызметкерлері болады. 

2013 жылдың басында Еуропа елдерінде қалың қар жауғаны тіркелді. Соның салдарынан әуе және жер үсті көліктерінің қатынауы бұзылып, көптеген білім беру мекемелерінің жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: armenpress.am

Ж. FM