Әлемдегі ең қымбат кітаптар

Әлемдегі ең қымбат кітаптар

Өткен жолы өздеріңізге әлемдегі ең қымбат заттарды таныстырып өткен болсақ, бүгін назарларыңызға ең қымбат кітаптардың тізімін ұсынып көрмекпіз. У. Шекспир бір сөзінде "Кітап маған тақтан да қымбат" десе, М. Горький: "Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем, өйткені, кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі" деген екен. Әрине, кітаптың қашанда қымбат екендігіне таласымыз жоқ. Дегенмен, олардың шынайы бағаларын біліп жүргеніміз артықтық етпес.

1. "Лестер Кодексі" (30.800.000$) 

Қымбат кітаптардың көшін бастап тұрған "Лестер Кодексі" атты кітап - Леонардо да Винчидің ғылыми еңбектерінің жинағы. Кітапты 1994 жылы өткен бәссаудада (аукцион) Билл Гейтсен есімді азамат 30.5 млн. долларға сатып алады. Жетпіс екі беттік кітапта әртүрлі естеліктер, суреттер, математикалық есептер бар. Бәрі де теріс оқылатын қаріптермен жазылған

2. "Генрих Левтың Інжілдері" (12.400.000$)

Бұл кітап ХІІ ғасырдың соңында жарық көрген (1175-1188 жылдар аралығында). Еңбек Германия жерінде Генрих Левке арналып жазылған және 226 беттен тұрады. Бәссауда да 12, 4 млн.-ға сатылған кітап бүгінде Август атындағы кітапханада сақтаулы тұр.

3. "Америка құстары" (8.800.000$)

Бұл кітапты 1827 жылы суретші-натуралист Джон Джеймс жазып шыққан болатын. Онда құстардың суреттері және ғылыми деректер бар. Кітаптың 200-ге жуық данасы таралған. Ұзындығы 127 сантиметрге жететін кітапта құстардың шынайы мөлшері салынған. Оны 2000 жылы Катар Сауд шейх 8,8 млн. долларға сатып алған.

4. "Кентербери әңгімелері" (7.500.000$)

Кентербери әңгімелерін ХIV ғасырдың аяғында ағылшын жазушысы Джеффери Чосер жазып шыққан. Бұл кітапқа өлеңмен жазылған 22 шығарма және 2 прозалық новелла енген.

5. "Бірінші фолио: Шекспирдің комедиялары, тарихи шығармалары, трагедиялары" (6.000,000$)

Бесінші орындағы кітап 1623 жылы, яғни Шекспирдің өлімінен кейін жарияланды. 900 беттік кітапқа 36 пьеса енген. Алғашында 228 таралыммен шыққан кітаптың бүгінде саусақпен санарлықтай данасы ғана қалған.

6. "Нортумберленд герцогының бестиариі" (5.400.000$)

Кітап ХІІІ ғасырда жазылған. Онда тушьпен боялған шынайы және фантастикалық суреттердің жиынтығы бар. Суреттер белгілі бір әңгімелер мен мақал-мәтелдерге лайықталып салынған. Бестираийді (зоологиялық мақалалар жинағы) 1990 жылы жекеменшік зергерлік дүкен 5,4 млн. долларға сатып алған.

7. "Гутенбергтің інжілі" (4.900.000$)


Кітап 1450 жылы Иоганн Гутенбергтің бастамасымен жарық көрген. О баста таралған 180 данадан 21-і ғана қалып отыр. Көпшілік қауым кітаптың бағасының әлдеқайда жоғары екендігін мойындайды, десе де кітап біздің тізімде жетінші орында тұр. 1987 жылы Інжілдің толық нұсқалы кітабы 4,9 млн. долларға сатылды.

8. "Жеміс ағаштары туралы трактат"(4.500.000$)

1768 жылы Луи Дюамель дю Монсо жазып шыққан бұл француз қолжазбасында 16 түрлі жемістің суреттері мен олар туралы қызықты ақпараттар берілген. Ол 2006 жылы Брюсселде өткен бәссаудада 4,5 млн. долларға бағаланды.

9. "Космография" (4.200.000$)

"Космография” - атақты Птоломейдің кезект еңбектерінің бірі. Ол 1477 жылы жазылған. Еңбек 2006 жылы 4,2 млн. долларға сатылып кетті.

10. "Моцарттың тоғызыншы симфониясының қолжазбасы" (4.100.000$)

Тізіміміздің шымылдығын атақты композитордың өз қолымен жазылған симфониялар коллекциясы жауып отыр. Кітапта тоғыз симфония беріледі. Ол 1990 жылы 4,1 млн. долларға сатылып кетті.

Суреттер:top-reyting.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева