Жаңа Гвинеядағы "ағаш адамдар" тайпасы

Жаңа Гвинеядағы "ағаш адамдар" тайпасы

Әлемде қоғаммен, жаңа заманмен байланысы жоқ, оқшау өмір сүретін тайпалар өте көп. Олардың көбі әдеттегі адам аяғы жете бермейтін елсіз дала мен ормандарды паналайды.

Жаңа Гвинеяның шығыс солтүстігіндегі орманда, өзге қоғамнан байланысы бір жола үзілген тайпа өмір сүреді. Олар ағаш үстінде өмір сүретін бірден-бір тайпа есептеледі. Олардың лашығы биік өсетін пальма ағашының басына салынады. Әдетте жерден биіктігі 6-25 метрге дейін болады. Тіпті 50 метр биіктіктегі үйлер де кезігеді екен. Ағаш бойымен жасалған арнаулы саты немесер арқандар арқылы шығып түседі. Сондықтан да олар «ағаш адамы» деп аталған.  

Ағаш басында өмір сүрудегі себеп, қалың орман ішінде өзге туыстарымен емін-еркін хабарласып тұруы үшін және орман ішіндегі жыртқыш аңдардан қорғану үшін. Олар туылғанынан ағаш үстінде өмір сүретіндіктен, бұл тұрмысқа әбден беймделген. Қолдары ұзындау әрі епті болып келеді.

Әйелдері үйде отырып бала бағып, тамақ жасайды. Отты пайдалануды біледі. Ал еркектері көбінде аңшылық, үй салу қатарлы жұмыстармен шұғылданады. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: 123rf.com

Қ. Қауымбек