Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / "Толқын" құшағында

"Толқын" құшағында

Мұндай мекен әлемде жалғыз! Өйткені, бұл шынында да таңғажайып құбылыс!

Өңірдің мәртебесін Хьюго Мартиннің бір ауыз сөзі арқылы-ақ танытуға болады. Ол: "Атақты Толқындарды бір-екі рет суретке түсірмейіңізше, өзіңізді пейзаждық суретшімін деп атауыңызға хақыңыз жоқ" деген екен. Жеткілікті емес пе? Жарайды, ендеше сіздерге Толқын туралы деректер легін ұсынамын.

Толқын (The Wave) - Америка Құрама Штаттарындағы Аризона мен Ютаның шекарасындағы Колорадо Шоқысында орналасқан құмдақты тау түзілісі. Аталған мекен өзінің көркем, адыр-бұдырлы пішіндерінің арқасында саяхатшылар мен фотографтардың арасында кең танылған.

Толқын 190 миллион жастағы Навхо Құмдауытынан тұрады. Ерекше құбылысты зерттеген ғалымдар кәрі құм төбелер ұзақ ғасырлар барысында тік және көлденең текшелі жартастарға айналғандығын айтады. Ал жел мен жауын-шашын қазір біз тамашалап отырған әсерлі көріністі қалыптастырған екен.

Толқынның жұмсақ құмдақтары сынғыш келеді. Сондықтан "тау үстірттерін" абайлап қана басу керек.

Толқындарды суретке түсіруге ең ыңғайлысы - түс ауған шақ немесе оған бір сағат дейін және кейін. Өйткені дәл осы уақытта орталықта ешқандай көлеңке болмайды. Десе де, драмалық, ерекше фото жасағыңыз келсе, таңғы және кешкі көлеңкелер көмектесе алады.

Толқынның батыс жағында "Екінші Толқын" деп аталатын тағы бір жер бар. Ол жердің түстері әлсіздеу және аумағы шағын болып келгендігімен, келушілердің назарынан тыс қалмайды.

Аризондық Толқынның аумағына кіру оңай шаруа емес. Өйткені, ол жерге күніне жиырма адамға ғана аяқ басуға рұқсат берілген. Бүгінде нәзік құм құрылысын сақтап қалу үшін ірілі-ұсқаты көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева

Суреттер:prirodadi.ru,lifeglobe.net,travelel.ru,fotopremiya.ru

8152 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 23 қаңтар 2013, 19:26
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2013, 22:40

Алланың шеберлігінде шек жок :!:

+0
23 қаңтар 2013, 23:47

Уау.... Шынмен керемет! :o

+0
24 қаңтар 2013, 09:39

Осы тауға барғым келеді неге екенін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...