Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Бүгін – халықаралық құшақ күні

Бүгін – халықаралық құшақ күні

Бүгін – халықаралық құшақ күні

Жыл сайын, қаңтар айының жиырма бірінші жұлдызында аты да, заты да ерекше мереке атап өтіледі. Қандай дейсіз бе? Білмеушімедіңіз, бүгін - халықаралық құшақ күні (International Hug Day). Мерекенің негізі 1986 жылы Америка Құрама Штаттарында қаланып, кейіннен күллі әлемге тарап бүкіләлемдік деңгейде атап өтілетін болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша, сіз бұл күні өзіңіздің достық құшағыңызға таныс емес адамдарды да шақыра аласыз.

Атаулы күннің жасы әлі де тым кішкентай болғандығымен, оның авторын табу өте қиын: неге дәл осы күннің таңдалғандығын және мерекенің түп-төркінінде қандай идеяның жатқандығын да ешкім дөп басып айта алмайды. Бір анығы, мереке мұрагерлері де бастаушылары да - студенттер.

Қызықты күнді жиырма жеті жыл бойы елеусіз қалдырмай келе жатқан студенттер достық құшақтасу барысында жан жылулығы алмасады деп сенеді екен. Және тек жақсы адамдарды құшақтауға тырысатын көрінеді.

Психолог мамандар жақындарының құшағын қажет ететін адамдар қауіпсіздік, жайлылық және махаббат сезіміне зәру болып келеді. Сондықтан, мерекенің пайдасы көп. Жалпы, құшақтасу кез-келгеннің өмірінің соңына дейін қайталанатын әрекет: достарымызды, құрбы-құрдас, ата-ана, туған-туыс, бауырларымызды, сүйген адамымызды кездескенде, сағынышымызды басу немесе қуанышымен құттықтау, алғыс айту үшін құшақтап жатамыз. Бір сәт, ойлап көріңізші, қиналғанда құшақтайтын, сізді демейтін адамдарыңыз болмағанда қайтер едіңіз?!

Ендеше, бүгін өзіңіздің ең жақсы көретін адамдарыңызды айтулы мерекемен құттықтап, ыстық құшағыңызды сыйлай жүріңіз!

Суреттер: Массагет порталының жеке мұрағатынан

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2466 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 қаңтар 2013, 11:09
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2013, 11:44

Кәні келіндер құшақтасайық

+0
21 қаңтар 2013, 11:46

Біреуді құшақтағым келіп отыр))

+0
21 қаңтар 2013, 11:46

жақсы болды ғой, біраз қыздарды құшақтап алатын болдық.

+0
21 қаңтар 2013, 11:58

Сәния, кел! :lol:

+0
21 қаңтар 2013, 12:00

Құтты болсын. Қазір обедте құшақтасайық бәріміз

+0
21 қаңтар 2013, 13:14

Қап қасымда ешкімнің жоғын қараш құшақтап алатын! :D :D

+0
21 қаңтар 2013, 13:38

:D ноутпугымнан сол деп құшақтап алмасам?! :roll:

+0
21 қаңтар 2013, 13:39

Аяқтың күні қашан болады екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...