Қытай археологтары 8 тонналық ескерткіш тапты

Қытай археологтары 8 тонналық ескерткіш тапты

Чэнду қаласының маңында ешбір жануарға ұқсамайтын ескерткіш табылды. Салмағы 8 тонна болған тастың жасы 2000 жыл екені анықталған. Ақпаратты The Daily Mail хабарлап отыр.

Тас фигураның ұзындығы 3 метрге жетсе, биіктігі 1,5 метр болған. Археологтар бұл жан иесінің қандай жануар екенін айта алмай дал. Оның тек панда болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі Сычунь провинциясында негізінен пандалар көптеп мекен етеді.

Қазба жұмыстары жүргізілген жерде басқа да артефакттар табылды: саздан жасалған ыдыстар, құмыралар, т.б. заттар. Мамандар бұл заттардың өз кезінде діни салт-дәстүрлерді орындау кезінде қолданылған деген пікірде. Ал қазба жұмыстары жүргізілген жердің өзі шіркеу болуы әбден мүмкін екен.

Чэнду – Қытайдың ежелгі қалаларының бірі. Қала өзінің бұл атымен 4000 жыл бұрын бар болған деген дерек бар. Сонымен қоймай, қала маңызды орталықтардың бірі болған-мыс.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: rus.tvnet.lv

А. Құлтай