Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Мектепке негізгі пән ретінде "ысқыру сабағы" енгізілді

Мектепке негізгі пән ретінде "ысқыру сабағы" енгізілді

Мектепке негізгі пән ретінде

Кариб аралдарының бір мектебінде өліп кетудің аз-ақ алдында тұрған ескі тілді қайта тірілту мақсатында негізгі пәндердің санатына "ысқыру сабағы" кіріп отыр. 

Гомера - Канар аралдарының ішіндегі ең кіп-кішкентай елді-мекен. Ерте кезден бастап бұл жердің жергілікті тұрғындары бір-бірімен ысқыру арқылы сөйлесіп, қарым-қатынас жасап тұрған. Бертін келе елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты көпшілігі көшіп, ақырында "сильбо гомеро" тілі ұмыт қала бастапты. 

Жазық дала мен таулы-тасты жерде ысқырық 3 километрге дейін жетіп отырған. Тарихқа оралсақ, 15 ғасырда еуропалықтар ең алғаш Африка жеріне бас сұға бастағанда "ысқыру" тілінің болғанын атап өткен. Кейіндеу, испан тілінің үстемдік алуына байланысты ысқырықтың бастапқы нобайы өзгереді. Испан тілінің өрнек-нақышы айқын бедерленеді. Содан үлкен өзгеріске ұшыраған тіл 1940-50 жылдарға дейін қолданыста болып келген.

1970 жылдары ескі тілдің жоқшысы болып санаулы ғана адам қалған. Одан кейін араға бірталай уақытты салып барып осы бір тілге деген қызығушылық арта бастапты. Нәтижесінде, мектеп бағдарламасына арнаулы пән ретінде енгізіліп, қазіргі таңда жергілікті елді-мекеннің мектептерінде оқытылып жатыр.

сурет:webring.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1400 8
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 17 қаңтар 2013, 13:09
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2013, 14:15

:lol: ысқырып үйретеін сабақ...ысқыра алмайтындар қаншама))))мысалға мен...дұрыс ысқыра алмаймында)))жақсы сабақ екен...

+0
17 қаңтар 2013, 15:03

екі апта үйренсең жетіп жатыр. Машық пен еңбек керек қой. Ауылда әр жылғы балалардың өз ысқырықтары болатын. Тиімді десе тиімді екен

+0
17 қаңтар 2013, 14:26

:lol: еріккен да

+0
17 қаңтар 2013, 14:41

Дұрыс болған екен, өліп кетсе обал ғой.

+0
17 қаңтар 2013, 16:06

:lol: қызық екен

+0
17 қаңтар 2013, 16:52

Айқай-шу, абыр-сабыр болады десеңізші сабақта... Рахат қой :-D

+0
17 қаңтар 2013, 16:57

Бізге, керісінше, ысқырмаңдар деуші еді :lol:

+0
17 қаңтар 2013, 22:15

:D естимеген елде коп,рас екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...