Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Сілеусінді құтқару туралы роликті 5 миллион адам тамашалады

Сілеусінді құтқару туралы роликті 5 миллион адам тамашалады

Сілеусінді құтқару туралы роликті 5 миллион адам тамашалады

Жаңа жылдың алғашқы күндері YouTube сайтында "Сілеусінді құтқару" (Bobcat release) атты ролик пайда болды.

Жабайы мысықты құтқару операциясы жұртшылықты қатты қызықтырғандығы соншалық, 4 минуттық видеоны бір аптаның ішінде 5 миллион адам тамашалап үлгерді.

Қақпанға ұрынып, шарасыз жатқан аңды көздері шалған жас жігіттер оны құтқарып, босатып жіберуді шешкен. Дегенмен сілеусін адамдардың бұл пейілін қабыл алмай, оларды қасына жолатпауды дұрыс көріп, сес көрсетті.

"Кадрдағы адам мен емес. Ол менің досым Бретт. Ол сілеусінді қақпаннан босатып, еркіндікке жіберді", - деп жазды америкалық Крис Вард роликтің сипаттамасында.

Құтқарушы жігіттер жабайы жануарға: "Мынау кім тағы? Бұл мистер сілеусін! Бұл "тентек жігітті" қандай жолмен болса да босатуымыз керек. Қалай екенін әзірге білмейін, бірақ біз оны құтқарамыз. Сүйкімді мысыққа ұқсайды өзі", - деп жақындап, іске кірісе бастайды.

Осы сәтте аңның сес көрсеткен даусы естіледі. Жануар құтқару операциясының соңына дейін тыпыршып, бой алдырмауға тырысады. Ақыры жігіттер мақсатына жетіп, аңды босатады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: youtube.com сайтына скриншот

2111 3
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 18:09
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 19:21

Міне, нағыз жігіттер! Тәнті болдым! Жыртқыш аң екенін көрініп тұр бұл сілеусіннің. Біздің Мойынқұм жақтағы қасқырлар қақпанға түссе аяғын шайнап тастап кете береді, мықтылық қой!

+0
12 қаңтар 2013, 03:14

КРЕМЕТ құтқару керек ! дұрыс жасаған

+0
13 қаңтар 2013, 08:37

Мен көрмедім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...