Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / 6 жасар баланың аянышты тағдыры

6 жасар баланың аянышты тағдыры

6 жасар баланың аянышты тағдыры

Алдыңыздағы суреттегі 6 жасар Лонгтың ата-анасы СПИД ауруынан көз жұмған, бөбектің өзі де жұқпалы ауруға душар болған екен. Оның өркениет пен өзін қорашаған адамдардан тыс жерде өмір сүруіне себеп болған - дәл осы жағдай. Лонг бүгінде өзінің жұпыны лашығында бір өзі тұрады: оның бақшасы, тауықтары, иті және 70 юань жәрдемақысы бар.

Оның лашығы Қытайдағы Гуанси ауданындағы шағын ауылда орналасқан. Жергілікті мектеп Лонгты қабылдаудан бас тартып отыр. Тіпті, кейбір ата-аналар оның сыныпта өз балаларымен отырғанын көретін болса өлтіретіндігін айтқан деседі. Бұл аз десеңіз, жергілікті дәрігердің өзі дертті жұқтырып алудан үрейленіп, емдеуден қашып отыр. Баланың 84 жастағы әжесі баланы үйіне кіргізбесе де, ара-тұра келіп, бақша жұмыстарына көмектесіп тұратын көрінеді.

Лонгтың тұрып жатқан цементті лашығында терезе де, жылу да жоқ. Шынашақтай бала өзі өсіретін орамжапырақ пен пиязды қорек етеді, тамақты өзі жасайды, кірін, ыдысын жуады, қысқасы, ересектер жасайтын барлық шаруаны бір өзі атқарып жүр.

Мемлекет Лонг «батырға» тағайындаған 70 юань жәрдемақыны (10 доллар) биылғы жылы 100 юаньға (15 доллар) көтеруге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан дәрі-дәрмектер де беріліп тұрады екен.


Әлемде мейірімді адамдар жоқ емес. Балаға біреу ара-тұра жасырын түрде киім, жамылғы, тағам тастап кететіндігі белгілі болған. Мәселен, жақында бір азамат балаға 20 келі күріш пен 5 келі кеспе әкеліп берген.

Осыншама қиындықтарға қарамастан, Лонг өзге балалар сияқты доппен, ағаш қылышпен, өзінің сүйікті итімен ойнағанды ұнатады екен. Қара ит – оның отбасының жалғыз мүшесі және екеуі бірге ұйықтайды.

Лонг өз бетімен жазуды, оқуды үйренген, ауыл азаматтарының бірі оған күн сайын жергілікті газетті әкеп береді. Бұл – әзірге Лонг үшін қоршаған ортаға шығатын жалғыз «терезе» болып тұр.

Суреттер:igorserko.livejournal.com,planeta.moy.su,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

9712 16
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 12:40
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 13:13

Құдай есіркесін. Айдалада отырған менің аянышымнан не пайда оған?! Жүректі ауыртатыны жаман да. Бала дегеннің бәрі менің балапаным, Шынарым сияқты маған. Не айтарымды да білмеймін.

+0
10 қаңтар 2013, 13:18

жүрегім шаншып кетті... тағдыыыыр! :(

+0
10 қаңтар 2013, 13:18

Адамның жүрегі ауырып кетеді екен, қиын қандай врачтар өз міндеттерін орындамай отыр ғой

+0
10 қаңтар 2013, 13:24

кіп-кішкентай бала болса да, жүрегі үлкен екен. Өйткені ол өмірге ғашық. Пысық, еңбекқор!

+0
10 қаңтар 2013, 13:27

біздің балдар болса өзіне қол жұмсай салушымеді? :?

+0
10 қаңтар 2013, 13:33

Аянышты тагдар екен

+0
10 қаңтар 2013, 13:39

түсінбеймін! Сонда мемлекет қайда қарап отыр?! Әлеуметтік қызметкерлер неге айналыспайды баланың жағдайымен?! Тақ бір орта ғасыр сияқты. Заң қайда? Оларда әлеуметтік орталықтар жұмыс жасамай ма? Осылай сұрақтар тізбектеле береді екен. Кішкене ғана бүлдіршінді тағдыр тәлкегіне тастап айналасындағылар жүр. Әрқайсыларының жанұяларында балалар бар емес пе? Өз балалары сондай жағдайға түсуі мүмкін ғой (құдай оның бетін ары қылсын әрине). Бәрі теріс айналыпты байғұс баладан :cry:

+0
10 қаңтар 2013, 14:00

басты мәселе: осы сыңды мақалаларды оқып болғаннан кейінгі кеудеде жиналған мейірім теңізін, (өкінішке орай бізде де жоқ емес) қазақтың кез-келген қаракөзіне қарай төгіп жіберу..

+0
10 қаңтар 2013, 14:33

Құдай сақтасын! Аянышты, әрине. Тек бұл Қытайдың саясатына сай келмейтін дүние. Менің біліумше, мемлекет басшылығы әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге ұмтылады

+0
10 қаңтар 2013, 15:09

:cry:

+0
10 қаңтар 2013, 15:26

6 жасар дейді? Құдай-ау, шынашақтай ғана ғой. Тағдырды қатал демей көр... :roll:

+0
10 қаңтар 2013, 17:11

Қалай жалғыз тұрады екен, біз тұра алмас едік!

+0
10 қаңтар 2013, 18:50

Құдай сақтасын! әрине аянышты,біздің балалар бұлай тұра алмас еді.....

+0
10 қаңтар 2013, 23:58

Baska salsa barine konesin!

+0
14 қаңтар 2013, 21:02

:cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry:

+0
02 ақпан 2015, 05:36

Арине оте аянышты окига.брак баскаларды аитканнан не пайда откен ис отты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...