Өз баласына вирт-киллер жалдаған әке

Өз баласына вирт-киллер жалдаған әке

Қытайдың Kotaku порталы өз баласын компьютерлік тәуелділіктен құтқару үшін виртуалды киллерлерді жалдаған әке туралы ақпарат берді. Бұл жаңалықты әлемнің БАҚ-тары шуылдап жазуда.

23 жастағы қытайлық Сяо Фэн мектеп жасынан-ақ компьютерлік ойындарға тәуелді болып алған. Бастапқы кезде оның сабақ үлгерімі өте жақсы болғандықтан, ата-анасы оған бәрін де рұқсат еткен екен. Мектепті бітірісімен жөнді жұмыс таппаған ол компьютер алдында күні-түні отыруды әдетке айналдырған. Оның әкесі жұмыс таппаған себебін қарастырмақшы болып, оның соңғы кезде онлайн-ойындарға деген «махаббатын» бақылай бастайды. Даудың басы көк жәшік болғанына анықтап көз жеткізген әке баласына көмектесу жолдарын қарастырады.

Тапқыр әке виртуалды ойында ең мықты деген ойыншыларды тауып, өз баласын ойындағы кейіпкеріне қарсы қояды. Сяодан мықты ойыншылар оның кейіпкеріне шабуыл бастағанда, әкесінің ойынша, баласының бұл ойынға деген қызығушылығы кеми түсетін болған. Бірақ бүгінге дейін баласы Қытайдың үздік делінген ойыншыларымен қатар ойнап, бір деңгейде бәсекелестік тудырып жүр екен. Әрменгі жағдай әзірге белгісіз болып тұр.

Компьютерлік тәуелділікпен күресетін әлем психологтарының назары қазірде осы жағдайды жіті бақылауға алған. Егер бұл әдіс күтілген нәтижені беретін болса, геймерлерге қарсы дәл осындай жолда жұмыс жасалатын болады...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: os-7.ru

А. Құлтай