Әлемдегі ең ерекше кеме

Әлемдегі ең ерекше кеме

Мына кеме "әлемдегі ең ерекше кеме" деген атаққа ие болды. Кеме американдық әскерге тиесілі. Флип аталатын кеменің мағынасы "аударылу" деген сөз.

Калифорния университетінің зертханасында жобаланған бұл кеме мұхит зерттеуде маңызы зор. Кеменің ерекше пішіні оған мұхитта аударылуға мүмкіндік береді. Ұзындығы 108 метр кеменің бойында кішкентай тар қуыстар, ал соңында үлкен бір қуыс бар. Кеме көлденең жүзу үшін, қуыстар ауаға толы болуы керек. Ал қуыстар теңіз суына толған кезде, оның басы ғана су бетінде қалқып қалады. Бұл кемеге теңіз дауылдары кезінде су бетінде берік жүзуге көмектеседі. Қайта түзу жағдайға келу үшін су жіберіліп, ауамен толтырылады.

Ал кеменің ішіндегі жиһаз бен ішкі заттар кеменің екі жағдайы үшін жасалған. Каюталарда екі есік, әжетхананың екі түрі, төсектер бар. Кеме толықтай аударылу үшін 28 минут қажет. Бұл осындай үлкен кеме үшін тез деп саналады. Кеме 50 жыл бұрын, Фред Фишер мен Фред Списс ғалымдарының жобалауымен жасалынған. Олар дыбыс толқындарының су астындағы қасиеттерін зерттеген. Жалпы Флиптің мақсаты дыбыс толқындарының биіктігін, акустикалық сигналдарды, су температурасы мен тығыздығын зерттеу болған. Сол себепті кеменің тағы да бір қатар ерекшеліктері бар: оның  қозғалтқышы жоқ, аударылған сәтте ол суда берік тұрып, бір орынды сақтайды. Бұл кеме су циркуляциясы, дауыл толқындарының пайда болуы, сейсмикалық толқындардың орын ауысуы, температуралық өзгерістер, теңіз жануарларының өмірі мен дыбыстары және басқа да маңызды жайттарды зерттеуге көмектесті.

 

Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com
С. А