Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Ұшаққа үлгермей қалсаңыз...

Ұшаққа үлгермей қалсаңыз...

Ұшаққа үлгермей қалсаңыз...

Авиакомпаниялар тіркелуге ерте келіңіз деп ескертеді. Алайда өмірде болатын түрлі күтпеген құбылыстар: жол тығыны, ұйықтап қалу және тағы басқа форс-мажорлық жағдайлар кешігуге әкеп соғады. Сондай-ақ, ұшақтың да кешігуі осы күні жиі қайталанатын құбылыс болып кетті.

Жалпы ұшаққа кешігу - ол ұшаққа тіркелуге кешіктің деген сөз. Немесе тіркелуге аз уақыт қалғанын көрсеңіз, ұзын кезектің артына барып тұра қалмаңыз. Кейбір әуежайларда кешігушілерге арналған арнайы бөлімшелері болады, сондайды сұрастырып біліңіз. Ал егер тіркелу бітіп қойып, кешігіп қалғаныңызға көзіңіз жетсе, онда бәрі де сіздің сатып алған билетіңізге байланысты.

Бизнес-класстан, не бірінші класстан сатып алған қымбат билет иелеріне алаңдайтын ештеңе жоқ. Кешігіп қалған жағдайда олар Аэрофлот агенттіктерінің кез келгенінде билетін басқа рейске ауыстыра алады, үстіне ешқандай қосымша ақша да төлемейді. Сонымен қатар, осы билетпен келесі рейспен де ұша алады (егер орын болса). Мұндай үстемділікке жартыжылдық билеттері бар (6 ай арасында жарамды билет) жолаушылар да ие. Ал егер қолыңызда тіркелу мерзімі нақты қойылған билет болса, басқа күні ұшу үшін үстіне қосымша ақша төлеу керек болады (қайда ұшатыныңызға байланысты). Бәрінен де ең арзан бағамен ("pex", "apex", "superpex" тарифтерімен) билет алып, кешіккендерге қиын болады. Мұндай жағдайда сіздің билетіңіз "күйіп" кетеді, басқа рейске қайта билет сатып алуға мәжбүр боласыз.

Сонымен қатар, кешігіп, билетті тікелей емес, турфирмалар арқылы алған жолаушылар да қиындыққа тап болады. Жолаушы сол турфирмаға барып, мәселені шешуі керек, ал бұған көп уақыт кететіні анық.

Басқаша айтқанда, егер қолыңызда "қымбат" билет болмаса, кешікпеуге тырысыңыз.

Сонымен қатар, ұшақтың да кешігетін кездері болады. Бұлар да адам өміріндегі құбылыстар сияқты түсінуге болатын және түсініксіз себептермен кешігіп жатады. Мысалы, күн райы ұшуға қолайлы болмаса, ештеңе істей алмайсыз, тек күту керек. Алайда форс-мажорлық жағдайлардан емес, авиакомпанияның кесірінен ұшақтың басқышы уақытында салынбай, ал бұған сіздің кінәңіз болмаса, компенсация сұрауыңызға негіз бар. 

Қалай болғанда да, ұшақ 3 сағаттан ұзақ кешігіп жатса, жолаушыларға ыстық тамақ берілуге міндетті, ал 6 сағаттан аса кешігіп жатса - қонақ үйге жатқызулары керек.  

Одан ұзақ кешігетін болса, болған оқиға жайлы мәлімет жинап, авиакомпания өкілеттілігіне арыз жазып, компенсация сұрасаңыз болады. Алайда көп ақша аламын деп ойламаңыз.

Ал, бірақ, ұшақтың кешігуінен жұмысқа байланысты келіссөздеріңіз болмай қалып, фирмаңыз көп ақшадан айрылып қалса, авиакомпания атына арыз жазып, сотқа жүгініп, компенсация алсаңыз болады. Бірақ, барлығы құжаттармен дәлелденуі тиіс.

Форумда талқылау

Сурет: http://blog.kupibilet.ru

829 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 ақпан 2012, 13:00
Пікірлер
+0
18 ақпан 2012, 13:08

ең басты әрі дұрыс шешім - ұшаққа үлгеріңіз )))

+0
18 ақпан 2012, 16:08

Эйр Астана немесе СКАТ билеттері өте қымбат, қайдағы ұшақты айтып жатыр? 18000 -20000 теңгені ұшақта ұшу үшін қандай адам берер? Еліміз кедей болып жатқанда

+0
18 ақпан 2012, 16:09

Байқуатты адамдарға арналған мақала

+0
18 ақпан 2012, 16:30

жақсы екен

+0
18 ақпан 2012, 20:02

Мен ай сайын Алматы мен Атыраудың арасында жүремін, кейде ұшақ Амстердамнан кеш келіп (ауа райы салдарынан) рейстің кешігетін кезі де болады, бірақ ары кеткенде 1 сағат ғана болыпты.
Билеттерді трансавия арқылы алып, кез-келген уақытта кез-келген күнге ауыстыра да аламыз. Қанша жерден жақсы болса да, соңғы кездері Атыраудан Алматыға ұшарда үнемі кешігетін болып жүрмін. Таксилетіп, ентігіп жетемін регистрацияға, мен кешіктім деп қорқып жеткенде менен соң да келіп жататындар бар екен. Бірақ енді кешікпеудің амалын жасауым керек екен. Атыраудағы таныстармен кездесуім үшін ең соңғы рейске билет алсам да, кездесуге бар жоғы 2 сағаттай ақ болады.

+0
19 ақпан 2012, 19:42

Ұшаққа міне қалатын жағдай боп жатса таптырмайтын нұсқаулық екен)

+0
19 ақпан 2012, 22:20

Осындайды біліп жүру керек екен.

+0
20 ақпан 2012, 09:33

Қыздарға көп бар бермесеңдер кешікпейсіңдер!!! Мен сияқты бірнеше ТОҚАЛ алып алсаңдар болды!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...