"А пинг" жеуге қалай қарайсыз?

"А пинг" жеуге қалай қарайсыз?

Камбоджа астанасы Пномпень қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Сукон атты шағын қалашық әлем халықтарына аса танымал болмаса да, жергілікті тұрғындары әзірлейтін «а пинг» -  көпшілік арнайы іздеп келіп жейтін ең таңдаулы тағамдардың бірі.

«А пинг» - кхмер тілінен  шыққан сөз. Бұл сөз Батыстағы қара уылдырық ұғымымен бірдей бағаланады.

Ал тағам улы бүйілердің бір түрі. Яғни Суконның жабайы ормандарында өмір сүретін жәндіктерден дайындалатын жеңтік ас. Жергілікті тұрғындар өрмекшілерді аулап сатумен немесе олардан тағам даярлаумен айналысып, пайда көреді екен. Ең сәтті саудагерлер күніне 100-200 дана бүйі сататын көрінеді.

Камбоджадан келген автобус аялдамаға тоқтай сала, күллі саудагерлер өздерінің тауарларын жарнамалауға кіріседі де, автобусты, түскен жолаушыларды қоршап алады. Тауарлардың арасында «тірі» тағамдар да жоқ емес.
Ең ересек өрмекшінің көлемі ер адам алақанының мөлшеріндей болып келеді. Азулары өте улы болғандықтан, тағам әзірлемес бұрын жұлып алып тасталынады. Одан кейін бүйілерді ашық отта қуырады, отын ретінде міндетті түрде ағаш пайдалану керек. Асқа көптеген дәмдеуіштер мен тұз қосылады. Қабыршақ түсі қарадан қызыл-қоңырға ауысса, тағам дайын болды деген сөз.


«Мынау не сұмдық?» деп шошып отырған боларсыз, алайда, тағамның құнарлы, пайдалы, майсыз екендігін де естен шығармаңыз.

Суреттер: pretty-pretties.ru,womanka.ru,weirdasia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева