Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Антарктикадағы адам нанғысыз құрғақ алқаптар

Антарктикадағы адам нанғысыз құрғақ алқаптар

Антарктикадағы адам нанғысыз құрғақ алқаптар

Кез келген географиялық кітаптарды немесе ғаламтор беттерін ашар болсаңыз, «әлемдегі ең құрғақ жер қайсы?» деген сауалыңызға Чили жеріндегі Атакама деген жауап аласыз. Алайда, бұл жаңсақ жауап. Атакама - Антарктиканың құрғақ жазықтықтарынанан кейін екінші орында тұр. Бұл – 2 миллион жылдан бері жауын-шашын көрмеген (Атакамаға 400 жыл бойы жаумаған) жер бетіндегі ең құрғақ жер саналады. Аталған көрсеткіштер өз алдына көп нәрсені айтып тұр.

Сенер сенбесіңізді білмей әбігерге салынып отырғаныңызды жақсы білеміз. Өйткені, біздің ұғымымыздағы  Антарктика мұз бен қар жамылған, мәңгі қыс орнаған мекен екені айдан анық. Десе де, Мак-Мёрдо бұғазына таяу маңдағы 8 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Виктория, Райта, Тейлор атты үш аңғардың аумағын ешқандай мұз баспаған, керісінше, сусырап жатыр.

Бұл құбылыстың себепкері -  320 км\сағат жылдамдықпен соғатын Катабатикалық желдер (бұл жер бетіндегі максималды жылдамдық). Аталған желдер бүкіл дымқылды буландырып, кептіріп жібереді. Осының арқасында аңғарлар 8 млн. жылдан бері қар мен мұзға тәуелсіз болып келеді.

Құрғақ дала дегенде көз алдыңызға өзен-судан жұрдай жазықтықтың келетіндігі қалыпты жағдай. Солай болғанымен, бұл дала өзгелерге ұқсамайды. Бұлай дейтініміз, аумақта Антарктиканың Оникс және Вида атты әлемдегі ең тұзды өзендері ағып жатыр. Оның тұздылық мөлшері Өлі теңізден әлдеқайда күштірек. Өкініштісі, өзен беттерінде қалың мұз қаптап жатыр.

Жазықтықта қалың қар мен қаусаған мұз жоқ болғандығымен, мұндағы жануарлар басқа құрлықтарға қарғанда өте аз. Шамасы, олар да мұндай құрғақ жерде өмір сүруге икемсіз секілді.


Мұндай климат Марс планетасының табиғи жағдайларына аса ұқсас болғандықтан, ғалымдар зерттеу жұмыстарын осы мекендерге тікелей бағыттап отыр. 2004 жылдан бастап Антарктиканың шөл аңғарлары ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.

Суреттер:joy4mind.com,lifeglobe.net,animalworld.com.ua

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2899 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 15:05
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 16:25

барып көрсе ғой................

+0
19 желтоқсан 2012, 16:27

Жақсы материял

+0
19 желтоқсан 2012, 20:31

Марс кызыл планета емес кадимги жер сиакты просто НАСА отирик истеп отыр адамзатты алдап бирдеме болса жер бетинде оздери сонда кашып кетет

+0
19 желтоқсан 2012, 21:06

антарктидада құрғақ алқаптар міне қызық

+0
22 желтоқсан 2012, 22:02

фуууу,,,,жүрек айнытата

+0
23 желтоқсан 2012, 21:24

дым жок. дым дым...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...