Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

12.12.12

12.12.12

Бүгін – ерекше күн. Бүгін қасиетті үш он екінің күні: он екінші жылдың он екінші айы және он екінші күні. Сағат 00.00-ді көрсетісімен, күллі әлем халқы бір ғасырда ғана қайталанатын сандар тоғысын ерекше ықыласпен қабылдап жатыр.

Жалпы, дәл осындай бірдей сандар шеруі 2001 жылдың бірінші қаңтарынан бері (01.01.01), он екі жыл бойы жалғасып келеді. Және сәйкес келетін әрбір саннан ерекше оқиғаларды күтуден жалықпай келе жатқанымыз тағы бар. Мәселен, белгісіз тылсым күшке ие 06.06.06 күні дінге қарсы шығатын тұлға дүниеге келеді деп болжам жасалса, үш бірдей жеті (07.07.07) кездейсоқ бақыт сыйлайды деп күтілген еді. Сондай-ақ үш тоғыз (09.09.09) жаңа өзгерістер алып келетін сәтті сан деп бағаланды. Әй, қайдам? Осындай өзгерістерге қарқ болған ешкімді көргеніміз жоқ.

12.12.12. Осымен «алтын сандар» қатары мәресіне жетті. 13.13.13-тің болмайтыны айдан анық. Көріпкелсымақтарымызға өз болжамдарын келер ғасырға сақтауына тура келеді.

Келесі кезекті нумеролог ғалымдарымыздың топшылауына беріп көрелік, олар не дейді екен?

•12.12.12-ні бір-бірінен ажыратып жазып, қосып есептейтін болсақ (1+2+1+2+1+2), 9 деген нәтижені береді. ХVІ ғасырдың атақты оккультисті Генрих Корнелиус тоғыз санын сәттілік пен байлықтың нышаны деп қорытқан екен.

•Белгілі астролог Виталий Осипов бұл күні демеуқаржыға ие боласыз немесе ескі қарыздарыңыз қайтарылып, мол қаржыға кенелу мүмкіндігіңіз бар дегенді айтады.

• Бүгін әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған неке қию рәсімі өткізіледі. Нумерологтар бұл әрекетті толықтай қолдап отыр. Үш рет қайталанған 12 – жаңа құрылған шаңыраққа махаббат, береке, татулық алып келеді екен.

• Дәл осы күні адамдардың бойынан бұрын-соңды байқалмаған таланттар ашылып, қабілеттілігіңіз бен түйсік сезіміңіз жоғарылайды.  Дәл осы саннан ғылым, техника саласында болатын ұлы ашылулар да күтіліп отыр.

• Билік басындағылардың тарапынан мемлекет пен халыққа оң әсері болатын жаңа қаулылар шығады деген болжамдар да жоқ емес (В.Осипов).

• Он екісінен он үшіне қараған түні тілек тілеуге болады. Тілектердің орындалу мүмкіндігі қарапайым күндерге қарағанда жоғары болып отырған көрінеді.

• Айтпақшы, дәл осындай әдемі күнтізбелік күн осы ғасырдың желтоқсан айының жиырмасыншы жұлдызынан да күтіліп отыр (20.12 2012).

Аяулы оқырман! Назарларыңызға ұсынылған мәліметтерді нумеролог, астролог ғалымдарымыздың болжамдары ғана деп қабылдағаныңыз жөн. Ал олардың сөзіне құлақ асу да, аспау да өзіңіздің құзырыңызда. Дәл осындай ерекше сандардың ғұмырыңызда соңғы рет куәгері атанып отырғандықтан, бұл күнді ерекше әрі есте қаларлықтай өткізгенге не жетсін! Себебі, бұл күнге жеткендер де бар, жетпегендер де бар...

Суреттер:acmb.ru,o001oo.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1728 15
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2012, 12:36
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2012, 11:06

Өзім таңғы 6-да тұрдым. Тіпті 12-12-12 екені есіме кіріп-шықпапты. Содан бір нәрсе жазу керек еді, соны жаздым отырып алып. 8 жарымда үйден шығып, жұмысқа келдім. Аздап тоңдым. Үлпілдек, суықтау қар жауып тұр. Жалпы, күндегі күндерден айырмасыз басталды ) Кешке дейін әлдебір "қабілетім" ашылып қалар ))))))))))

+0
12 желтоқсан 2012, 11:15

үлгірмедік енді :lol:

+0
12 желтоқсан 2012, 11:18

Түнгі сағат 1-28те бұл күн ерекше күн, байлық пен бақыт әкелетін күн деген сияқты алғашқы смс-хабарлама келген)) Соған қарағанда, расымен де, ерекше күн болатын іспетті))

+0
12 желтоқсан 2012, 11:19

түүүүүүу, талантым ашлып кетсе екен)))

+0
12 желтоқсан 2012, 11:25

:lol: қасқаааа,менің есіме жаңа түсіп жатыр бүгін "ерекше " күн екені. Ерекше сандардан ерекше күн,ерекше оқиғалар күтеміз ;)

+0
12 желтоқсан 2012, 11:29

мынаны неге кеше жазбагансындар, дурыстап даретимизди алып ан жактагы аталарымызга дуга етип артынан шампан атъп карсы алатын едик кой))дурыстап конил болмеген сон дурыс талантарда бермейтин шыгар

+0
12 желтоқсан 2012, 11:39

бір әпкем жүкті, дәрігерлер оған туу мерзімін 25.11-5.12 қойған, мен 12.12.12 давай дегем, енді сол хабар күтіп жүрмін, бүгін тууғанда "тақырып" болар еді

+0
12 желтоқсан 2012, 11:46

ессіз бір нәрсе істегім келіп тұр осы күні)

+0
12 желтоқсан 2012, 12:15

12.12.12 12:12 өтіп кетті)

+0
12 желтоқсан 2012, 12:26

12.12.12 12:12-де қыздармен кофе соғыстырдық)

+0
12 желтоқсан 2012, 13:10

Жатақта қыздармен қар атыстық, кішігірім банкет жасадық, 31-каналдан Вандамның жақсы киносын көрдік...Бәрі осы күн үшін!!!

+0
12 желтоқсан 2012, 15:15

Біздің "мерекелік шарамызға" ұқсайды екен сіздердікі. Біз де кино көріп, түнгі он екіде аз-маз тойлап өттік :)

+0
12 желтоқсан 2012, 15:17

Бір қыз айтад жұмыста "Егер осы күні жігітім болса, тұрмысқа шығып кетер ем" деп. Саусақпен көрсетіп сілтеме жасамай-ақ қойын :)

+0
12 желтоқсан 2012, 16:30

Бүгін ағам мен жеңгемнің тұңғыштары дүнеиге келді! Аңсап жүрген балалары болғаннан кейін, атын "Аңсар" қойыпты!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...