Фин аспанындағы ғажайып сәулелер

Фин аспанындағы ғажайып сәулелер

Финляндия жерінде осы мезгілде бірнеше күн бойына табиғаттың тамаша суреттері пайда болады.

Аспандағы түрлі-түсті бағаналар таңдай қақтырары сөзсіз. Жергілікті метеорологиялық институттың мамандары осынау тамаша құбылыстың сырын ауадағы мап-майда мұз түйіршіктерінің әсерінен деп түсіндіреді. Яғни әлгі кристалды түйіршіктер көше-көшедегі жарықтарға шағылысып, нәтижесінде төмендегідей ғажайыптың орын алуына алып келетін болып шықты.

Пластинкалы түйіршіктер горизонталь жазықтықта мұндай құбылыс тудырар деп кім ойлаған?! 

Шеңбер құрап тұра қалған сәулелерді бір көргіңіз келе ме?

суреттер:mixednews.ru; fandorin1001.livejournal.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига