Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әулие Валентин күнін әлем елдері қалай атап өтеді?

Әулие Валентин күнін әлем елдері қалай атап өтеді?

Әулие Валентин күнін әлем елдері қалай атап өтеді?

Көптеген мемлекеттерде 14-ақпан Әулие Валентин күнін атап өту үлкен дәстүрге айналған. Ғашықтар мерекесінде сүйген жандар бір-біріне сый жасап, шынайы сезімдерін білдіріп, жылы сөздерін айтады. «Әр елдің салты басқа» демекші, ежелден келе жатқан бұл мерекені әр ел өзінше атап өтеді. Әулие Валентин күнін атап өту Еуропа елдерінен бастау алған.

Франция

Махаббат атты ұлы сезімге аса құрметпен қарайтын француздықтар бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн бір-бірін құлай сүйген екі ғашықтың мерекесі. Жақын туған-туыстар, жора-жолдастар, көрші-қолаңдар бір-біріне құрмет көрсетіп, ашық хаттар сыйлайды. Ал сүйген жандар өз сүйіктілеріне гүл шоқтары мен тәтті тағамдар сыйлап, сезімін ашық хатпен білдіріп жатады. Бұл күні үйлену туралы ұсыныс жасау әдетке айналған. Жаны романтикалық іс-әрекеттерге жақын серілер сүйіктілерімен бірге Эйфель мұнарасына көтеріліп, өз пейілдерін айтып жатады.

Мұны білген жөн: «Валентинка» деп аталатын кішкентай ашық хаттар сыйлау дәстүрі Францияда бастау алған. Орта ғасырларда кішкентай ашық хаттардың ішіне төрт шумақ өлең жолдарын жазу жаңа дәстүрге жол ашты.

Италия

Ежелде Италияда бұл күн «көктем мерекесі» деп аталып, қала көшелерінде мерекелік шерулер өткізілетін. Итальяндықтар бұл мерекені «Тәтті мереке» деп атайды. Себебі, бұл мерекеде сүйген жандар бір-біріне жүрек пішінді шоколад пен нан өнімдерін сыйлайды. 14-ақпан күні ғашық жандар Рим, Венеция, Веррона қалаларындағы көрікті мекендерді аралап, бір-біріне романтикалық тосын сый жасайды.

Мұны білген жөн: Сүйіктісі тәтті тағамдарға аллергиясы болған не оларды мүлдем ұнатпаған жағдайда, итальяндықтар кез келген тамақты жүрек пішінінде пісіріп, сүйгендерін таңқалдырып жатады.

Дания

Дат елінің азаматтары сүйіктілеріне арнап музыкалық концерттер мен ойын-сауық шаралар өткізеді. Әдетте, қос ғашықтар бір-біріне дала гүлдерін сыйлайды. Сондай-ақ, дат елінің азаматтары бір-біріне құрғатылған гүлдер мен жасырын ашық хаттар жолдайды.

Мұны білген жөн: Дания жұртшылығы сый-кәделерді аса ұқыптылықпен, үлкен жауапкершілікпен таңдайды. Тартылатын сый міндетті түрде кәдеге жарап, белгілі бір құрмет-құштарлықты айқындауы керек.

Англия

Мереке күні ашық хаттар мен жүрек пішіндегі тәтті тағамдарды сыйлау дәстүрге айналған. Бұл елде ежелден жұмсақ ойыншықтарды тарту дәстүрі бар. Әсіресе, соңғы кезде Тедди қонжықтарын сыйлау сәнге айналды. Бұл күні кішкентай балалар үй-үйді аралап, ән-жыр орындайды. Үй иелері болса, ризалығын білдіріп, тәтті тағамдар мен тиын-тебендер  береді. Нәзік жандар ерлеріне жүрек пішіндегі бәліш пісіріп берсе, ерлер қауымы сүйіктілеріне өлең шығарады екен. Сондай-ақ, ашық хатқа «Менің Валентиныма» деп жазып, сүйікті жанның есімі жазылған төс белгіні сый-кәде ретінде береді. Бұл елдің тұрмысқа шықпаған қыздары 14-ақпанда күн шыққан кезде бал ашады. Терезеге жақындап, жаяу жүргіншілердің жүруін тосып отырады. Алғаш көрген ер-азамат оның өмірлік серігі болады деп тұспалдайды. Өмірлік серігінің кім болатынын білу мақсатында бірнеше кішкентай парақтарға ерлердің есімдерін жазып, қағаздарды суға толы шараға салады. Бірінші болып қалқып шыққан қағаздағы есім болашақ жарының есімі болады деп жорамалдаған.

Мұны білген жөн: Ағылшындықтар ғашықтар мерекесімен адам баласын ғана емес, үй жануарларын да құттықтайды. Оларға алдын ала сый жасап, мереке күні арнайы пісірілген тағаммен ауқаттандырады.

Америка

Мереке күні жүрек пішінді кәмпиттерді сыйға тарту дәстүрі бар. Тілектер мен жылы лебіздер жазылған кәмпиттерді марципаннан (қант ұнтағы мен жаңғақтар араласқан шәрбат) жасайды. Америка халқы бұл мерекеде сүйіктілеріне өз қолдарынан жасалған сый-кәделерді тарту етеді. Сондай-ақ, бұл күні қызыл раушан гүлдерін сыйлау дәстүрі қалыптасқан. 14-ақпан күні алып құрлық бойынша бір минуттың ішінде 20 мыңнан астам раушан гүлі сатылады екен.

Мұны білген жөн: Алып елдің нәзік жандылары бұл күні өз сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс білдіреді. Өз кезегінде ер-азаматтар ұсынысты қабыл алуы керек. Егер де серілер қарсылық білдіріп, ұсыныстан бас тартса, олар бұл олқылықтың орнын үлкен сый-кәдемен толтыруы керек.

Жапония

14-ақпан күні ер-азаматтарға сый жасау керек. Барлық нәзік жандылар сүйген жігіттерімен қатар, достарына, аға-інілеріне, әке-аталарына сый-кәде таратады. «Гири чоко» деп аталатын кішкентай жүрек пішінді шоколад тарту етіледі.

Мұны білген жөн: Бұл елдің халқы Әулие Валентин күнін өзгелерден ерекше атап өтеді. Бұл күні қала көшелерінде тақтай тұғыр орнатады. Өз сезімін білдіргісі келетін жан жынысына қарамастан, тұғырға шығып, сүйгенінің есімін атап, сүйетіндігін айқайлап айту керек. Дауысы қатты шыққан жан арнайы сыймен марапатталады.

Финляндия

14-ақпан күнін фин халқы ғашықтар мерекесі ғана емес, адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынас күні деп атайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, бұл күні бес миллионнан астам ашық хаттар жолданады. Бұл мерекені фин халқы жақын туыстар мен достардың арасында өткізеді. Жергілікті кинотеатрларда «Екі жанға бір билет» атты мерекелік шара өтеді. Сүйген жандар бір билет сатып алып, кино көруге мүмкіндік алады.

Мұны білген жөн: Ғашықтар мерекесін фин халқы Достар күні деп атайды. Бұл күні достар бір-біріне сый-кәделер тарту етіп, өз құрметін көрсетеді.

Нидерланды

Ғашықтар күні бұл елде әйелдер мерекесі болып саналады. Заты нәзік жан өзіне өмірлік серік таңдап, оған жар болу ұсынысын білдіреді. Таңдаған азамат бұл ұсыныстан бас тартса яки қарсылық білдірсе, ол нәзік  жанға қызыл түсті жібек матадан тігілген көйлек сыйлауы қажет.

Мұны білген жөн: Бұл елде де жүрек пішінді ашық хаттар жазу дәстүрі бар. Алайда хат жазған я жолдаған адам өз есімін жасырады.

Қытай

Кейде бұл мереке Қытай Жаңа Жылымен тұспа-тұс келіп жатады. Сүйген жандар кішігірім сыйлықтар жасап, қала көшелерін аралап, бұл күнді бірге өткізеді. Ал гүл шоқтарын сататын дүкендердің сөрелері гүлден жасалған мерекелік сый-кәделерге толы болады.

Мұны білген жөн: Қытай халқы бұл мереке күні үй ішін тазалап, қажетсіз бұйымдарды лақтырады. Бұл сезім мен махаббаттың жаңа лебіне жол ашады деп түсінеді.

Канада

Бұл елдің Әулие Валентин күнін атап өту салты Нидерланды мен Америка елдеріне ұқсас. Кез келген нәзік жан өз сүйгеніне үйлену туралы ұсыныс білдіре алады. Ер-азамат қарсылық білдірген жағдайда айыппұл төлейді.

Мұны білген жөн: Канада халқы бұл күні бал мен мерекелік іс-шаралар өткізеді. Сондай-ақ, олар ғашықтар күнін отбасы мүшелерімен атап өткенді қалайды.

Исландия

Ежелгі салт бойынша, бұл күні алау жағылып, қыз-жігіттер тастардан алқа жасап, бір-бірінің мойнына тағады. Бұл пәк сезімнің нышаны болып саналады.

Мұны білген жөн: Исландықтар өз сүйіктілерінің бұрыс қылықтары мен оларға деген реніштерін бір параққа жазып, оны өртеп тастайды. Бұл қос ғашықтың арасында түсініспеушілік пен реніштердің жойылуына ықпал етеді деп болжайды.

Беларусь

Бұл күні жастар оқу орындары мен кейбір мекемелерде «ғашықтықты тіркеу» рәсімін өткізеді. Рәсімді Амур есімді періште жүргізіп, бір-біріне ғашық жандарға «ғашықтық туралы куәлік» табыс етеді.

Ресей

Көршілес мемлекетте бұл күні мерекелік іс-шаралар өткізіліп, сүйген жандар бір-біріне тосый сый жасайды. Әдетте, гүл шоқтарымен бірге құпия хаттар жолданады.

Мұны білген жөн: Ресей мемлекеті ғашықтар мерекесін жылына екі мәрте өткізеді. 8 шілдеде Ресей халқы Петр мен Феврона күнін яғни, Махаббат, Сенім және Отбасы күнін тойлайды.

Қазақстан

Әулие Валентин күні Хэллоуин мерекесі сияқты батыстан келген мереке. Бұл күнді тойлау, тойламау әрқайсымыздың өз еркімізде. Тек 15-сәуір пәк сезімнің құрбаны болған ынтызар қос жүректің құрметіне қойылған «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні» деп аталатын  төл мерекеміздің бар екенін естен шығармаңыз. 

Сүйікті жандарымызға өз сезімдеріміз бен құрметімізді тек ғашықтар мерекесінде ғана емес, жылдың әр күнінде білдірейік, достар!

Форумда талқылау

Суреттер http://www.creativeukraine.com,  http://ny.bt-lady.com.ua, http://www.vampodarok.com ғаламтор беттерінен алынған

6547 12
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 14 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
14 ақпан 2012, 10:49

Франция - махаббат мекенді дегенге енді көз жеткізгендей болдым )

+0
20 ақпан 2012, 17:03

Францияны не қыласың? Қозы Көрпеш пен Баян сұлу тұрғанда?

+0
14 ақпан 2012, 11:01

Жақсы мәліметтер. БелАрусь болып жазылуы керек

+0
14 ақпан 2012, 11:22

Ер азаматтарға қыздың өзі сезім білдіретіні қызық екен

+0
14 ақпан 2012, 12:18

Мұндай жағдайлар тарихта да бар емес пе?!

+0
14 ақпан 2012, 16:40

Қызық екен)

+0
14 ақпан 2012, 16:57

Қазақияға еш қатысы жоқ қайдағы Валентинді әспеттеп жатқан тірліктеріңізді түсінбедім. Махаббат күні ешбір дінді, ешбір ұлтты, ешбір әулиені әспеттемеу керек. Жалпыға ортақ адамзат махаббатын әспеттеуі керек. "Ендеше неге ол қайдағы бір католик дініндегі, қайдағы бір "әулиесымақ Валентиннің" атымен қоса аталады? Неге ол бір елдегі, бір халықтың тарихынан алынады?"деген сұрақ әрбір ұлтжанды азаматтың көкейінде тұруға тиіс.

+0
16 ақпан 2012, 13:08

Меніңше ғашықтар үшін бірге откізген әрбір күн-мереке

+0
17 ақпан 2012, 22:23

Aigerim xanym siz durys aitasyz

+0
16 ақпан 2012, 13:59

Өзіміздің "Қозы Көрпеш-Баянымыздың" құнын түсірмегеніміз жөн. Әрненің тамырына бойламай, еліктеп өмір сүруді доғарғанымыз жөн секілді, ағайындар!!!!

+0
20 ақпан 2012, 10:02

Қазақ қыздары неге еліктемейді десеңші!!! Әр нәрсеге еліктеушілік жаман қасиет!!!

+0
26 ақпан 2012, 14:32

Қыздарды кінәлай берудің қажеті жоқ....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...