Жаңадан табылған балыққа Барак Обаманың есімі берілді

Жаңадан табылған балыққа Барак Обаманың есімі берілді

АҚШ-тағы Алабама тарих мұражайының қызметкерлері осыған дейін ғылымға белгісіз болып келген жаңа балық түріне ел президенті Барак Обаманың есімін берді. Осылайша ғалымдар президенттің қоршаған ортаны қорғау мәселесінде жасаған еңбегін бағалаған.  

Табылған балықтың ресми, ғылыми атауы - Etheostoma obama. Бұл америкалық зерттеушілердің саясаткерлер атымен атаған алғашқы балығы емес. Осыған дейін де жаңадан табылған балықтарға Теодор Рузвельт, Джимми Картер, Билл Клинтон және Альберт Гор есімдері берілген еді. 

Etheostoma obama Теннеси өзен бассейнінен табылған. Балықтың ұзындығы 50 мм-ден аспайды. Etheostoma obama көк жолақтары бар сарғылт түспен көмкерілген.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет