Әлемнің қауіпті елдері

Әлемнің қауіпті елдері

Сақтандыру комитеттері мен органдарының мәліметі бойынша, дүниежүзіндегі кейбір мемлекеттер мен аймақтарға бару өте қауіпті. Бұл мекендерде саяси тұрақсыздықтың салдарынан әскери қақтығыстар, қылмыстық іс-әрекеттер, террористік актілер жиі болады. Өкінішке орай, түрлі эпидемиялық аурулар мен әскери шабуылдар жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырып, туризм саласының дамуына кері әсерін тигізеді.

Кезекті демалысыңызды шетелде өткізуді жоспарласаңыз, мына мемлекеттерге бармауға кеңес береміз.

• Албания
• Ауғанстан
• Алжир
• Ангола
• Босния
• Герцеговина
• Бурунди
• Шығыс Тимор Демократиялық Републикасы
• Гаити
• Гвинея-Бисау
• Гондурас
• Ирак
• Йемен
• Косово
• Колумбия
• Комор аралдары
• Конго (бұрынғы Заир)
• Либерия
• Ливия
• Малайзия
• Нигерия
• Соломон аралдары
• Сомали
• Судан
• Сьерра-Леоне
• Фиджи
• Оңтүстік Филиппин
• Орталық Африка Республикасы
• Солтүстік және Шығыс Шри-Ланки
• Үндістандағы Джамму және Кашмир
• Фиджи
• Эритрея
Қауіпті мекендер жайлы ширатып айтар болсақ:
Ауғанстан. Бұл ел аумағында АҚШ әскерлері мен серіктестерінің орналасқанымен, мемлекетте террористік шабуылдар жиі болады. Сондай-ақ, қылмыстық топтар өзге мемлекеттердің азаматтарын күштеп тұтқынға алып, босату үшін қомақты қаржы сұрайды.
Гондурас. Латын Америка елінде туристтерге қарсы қылмыстық іс-әрекеттер жасалынады. 
Ирак. Саддам Хусейн тәртібі өз күшін жойғанымен, бұл елдегі террористік қақтығысулар мен іс-әрекеттер күнделікті құбылысқа айналды.
Малайзия. Туристтердің жиі бас сұғатын мекені. Демалу үшін тыныш әрі ыңғайлы жер. Алайда, бұл елде «чикунгунья» безгек ауруы немесе эпидемиялық артрит дерті кең таралған. Бұл инфекциялық-тропиктік кесел маса шағуынан таралады. Сондықтан да, саяхатқа шықпас бұрын дәрігерлердің кеңесіне сүйеніңіз.
Сомали. Шетел азаматтары үшін өте қауіпті ел. Мемлекет аумағында қарақшылар шабуылы жиі орын алады.
Фиджи. Саяхатшылар бұл аймақты «жұмақ мекен» деп атайды. Алайда, бұл мекенде «денге» безгек ауруы кең таралған. Масаның бір түрінен тарайтын бұл ауру Тынық мұхит аумағында орналасқан өзге де мемлекеттерге жеткен.
Әрине, бұл аймақтарға жол жүру-жүрмеу өз еркіңізде. Тек бұл аймақтарда туристердің құқығы көп жағдайда қорғалынбайды. Ал кейбір мемлекеттер өзге елдермен халықаралық келісімге қол қоймаған. Демалысыңызды шетелде өткізбес бұрын, кеңес-нұсқауларға құлақ асып, оң мен солды таразылап алғаныңыз абзал.
Сурет http://greenbag.ru ғаламтор бетінен алынған
Ғ. Ұзақ