Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Корей халқының үйлену тойы. Жалғасы

Корей халқының үйлену тойы. Жалғасы

Корей халқының үйлену тойы. Жалғасы

Басы

Корей халқының үйлену тойы келісім, құдалық және ұзатудан кейін келін түсіру мен үйлену тойымен жалғасады.

Өз үйінен ұзатылған қызды күйеу жігіт жақ көлікке отырғызып, алып кетеді. Барлығы жігіттің үйіне келеді. Көлік тоқтаған кезде қалыңдықтың аяғына бір қап күріш пен жібек матадан ақ жол төсейді. Қалыңдық күрішті басып, ақ жолмен үйге қарай жүру керек. Бұл уайым-қайғысыз өтетін бақытты ғұмырдың белгісі.

Үй есігінде оны қолына өзінің айнасын ұстаған енесі қарсы алады. Келін мен ене арасындағы ұрыс-керіс пен түсініспеушіліктің болмауы үшін олар бір сәтте айнаға қарауы керек. Қалыңдықтың артынан үйге оның жасауы кіргізіледі. Егер де тойдан кейін жас жұбайлар бөлек тұрса, олар өз үйлеріне кірмес бұрын, бір қап күріш пен ақ жол салтын қайталайды.

Дастархан басында қалыңдық басын изеп, жігіттің ата-анасына шарап құйылған кеселер ұсынады. Қыздың айттырушыларының ең үлкені келген жандарды жігіт жаққа таныстырады. Осыдан кейін келесі саты - той салтанаты басталады.

Той салтанатында міндетті түрде екі үйрек (кейде екі қаз) болу керек. Бұл жұбайлардың бір-біріне деген сенімі мен адалдығының белгісі. Қазіргі таңда тірі құстарды олардың ағаштан жасалған мүсініне алмастырады.


Жиналған қауымның алдына шықпас бұрын жас жұбайлар «пхйебэксиль» бөлмесіне келеді. Бұл бөлмеде оалрды жігіттің туыстары мен ата-анасы күтеді. Жас жұбайлар жігіттің ата-анасының алдына тізерлеп отырып, өз құрметін көрсетеді. Осыдан кейін барлығы салтанат залына өтеді.

Корей халқында тойға ақшалай сый беру дәстүрге айналған. Келген қонақтар ақша-қаражаттарды есімдері жазылған конвертке салып, оны кіре беріс жақтағы арнайы табаға қояды.

Салтанат залының оң жағына жігіт жақтың, сол жағына қыздың жағы жайғасады. Той ән-жыр мен тілек-лебіздерге толы болады. Той соңында барлығы жас жұбайларды шығарып салады.

Келесі күні жас келін ерте тұрып, үйді жинап, күріштен «паби» тағамын пісіреді. Содан кейін жас жұбайларды көріп қайту үшін «ченчи» салтында болған туған-туыстар келеді. Оларға жас келін жасауына салынған дүниелерді сыйға тартады.

Тойдан кейінгі салт «сямири» деп аталады. Жас жұбайлар мен күйеу жігіттің ата-анасы келіннің ата-анасының үйіне қонаққа барады. Құдалар бір-біріне ризашылығын білдіреді.


Корей жастары тойға жібек матадан тігілген ұлттық киім киеді. Әдетте, той киімінің түсі қызыл, күңгірт, жасыл, күлгін болады. Киімге арнайы ою-өрнектер тігіледі. Сондай-ақ, той киіміне неше түрлі жібек баулар тағылады. Бұл жас жұбайлардың ғұмыры сәтті әрі берекелі болсын деген мағына береді.

Қазіргі таңда корей халқының тойы батыстық үлгіде жиі өткізіледі. Бұл күндері жастар той алдындағы дайындықты ескі салтпен жүргізіп, ал үйлену тойының рәсімін батыс үлгіде жасайды. Қалыңдық ұлттық киім киюдің орнына бүрмелі ақ көйлек кисе, күйеу жігіт киімін смокинге айырбастайды. Тойда гүл шоғын лақтыру мен торт кесу дәстүріне жол береді.

Форумда талқылау

Суреттер http://wewed.ru, mykorea.ru, http://www.nevesta-msk.ru, http://genih-nevesta.com, clubs.ya.ru ғаламтор беттерінен алынған

9643 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
13 ақпан 2012, 14:53

Ал маған қазақтың тойы ұнайды. Бірақ қазір бәрі басқаша((

+0
20 ақпан 2012, 10:59

Қанша ма рет той жасадым! Бәрі тоқалдарым үшін әрине!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...