Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Сари кие білу де - өнер

Сари кие білу де - өнер

Сари кие білу де - өнер

Үнді сариі - сан мың ғасырлардан бері үнді әйелдері абыройының нышаны болып келеді. Және ол үндістік құдай аналардың негізгі киімдерінің бірі. Оның тарихы да үнді өркениеті секілді тым көне. «Сари» сөзінің өзі санскирт тілінен аударғанда «сати», яғни, «мата» деген мағынаны білдіреді.

Сарилердің алғашқы іздері Инда өзенінің бойынан табылған. Ол туралы алғашқы деректер осыдан мың жылдай уақыт бұрын жазылған үнді эпостарында кездеседі. Әрине, одан бері қаншама уақыт өтті, сари бірнеше өзгерістерге ұшырады. Жылдар ағысымен сари өз бойына халқының көптеген дәстүрі мен салтын сіңірді. Ежелгі сарилер бүгінгілеріне қарғанда тым ашық-шашықтықтарымен ерекшеленеді. Өйткені ол кездерде киім жалаңаш денеге киілетін болған.

Сари кез келген үнді әйелін сұлу етіп көрсетеді. Ол ұзындығы 4,5 метрден 9 метрге (кейде 12 метр) дейін, ал ені 1,2 метрге дейін болатын, денеге орайтын мата кесіндісінен тұрады. Мата жиегі өрнектеліп, оған таспа тағылуы мүмкін. Сариді шопи немесе равика кеудешесімен және белдемшемен (оңтүстікте – павада, шығыс Үндістанда – шая) киеді. Ал иыққа асылып тұратын мата палу немесе паллав деп аталады.

Сариді кие білу – үлкен өнер, өйткені, ұзын матаны ешқандай қыстырғыш, түйреуіштерсіз орап шығу керек. Ал бұл өнердің қыр-сырын білетін адам тапсырманы бір минутқа жеткізбей орындап шығады.

Әйелдер сари матасын әлеуметтік және материалдық жағдайларына байланысты таңдаған. Бірақ оны кию бәріне міндетті саналған. Қазір де үнді сариі үнді мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Саридің түстері үнді мәдениетіндегі белгілі бір мағынаны білдіреді. Мәселен, жесір әйелдер ешбір әшекейсіз, ою-өрнексіз ақ түсті сари киюі қажет. Жаңа босанған әйел болса, жеті күн бойы сары түсті сари кию керек. Себебі сары түс, олардың ұғымында, дін мен аскетизмді білдіреді. Ал қызыл сариді үйлену тойында киеді. Сондай-ақ Үндістанның кейбір жерлерінде тойға жасыл түсті сари де киеді екен. Жасыл түс - ислам түсі. Көк түсті сариді шудрлардың төменгі касталардан шыққан әйелдері киеді. Жасыратыны жоқ, ХХІ ғасырда үнді әйелдерінің 80%-ға жуығы сари киюден бас тартқан. Дегенмен, халықтың сариге деген құрметі тым ерекше. Әсіресе, үнді еркектерінің сари киген нәзік жандыларға деген құрметі ешқашан өзгерген емес.

Суреттер:ksanatiela.blogspot.com,megacosmo.ucoz.ru,sir-reistlin.livejournal.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

15696 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 қараша 2012, 15:30
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 15:40

Бала кезімізде сариге ұқсатып маталарды орап-орап алып, билейтін едік :D

+0
19 қараша 2012, 15:45

Сари кигім келген бір кездері. Іздеп таппай қойдым бір дұрыстауын. Сатылымдағылардың бәрі кең әрі тым жылтырағы басым. Медицина университетінде оқитын үнді қыздары жылтырақ емес әдемі сарилерді киіп алғанда сондай қызығып кетем. Дәл қазір шығыс биіне билейтін көйлек алғым кеп жүр. Жәй өзің үшін киімін киіп тұрып билеген күшті ғой :)

+0
19 қараша 2012, 16:32

Күшті!

+0
20 қараша 2012, 12:07

әдемі, бірақ мен кие алмасам ем...

+0
24 қараша 2012, 21:00

Қызық тақырыпты козғапсыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...