Бельгиялық жігіт болашақ жарына жанартаудың атқылауы кезінде сөз берген

Бельгиялық жігіт болашақ жарына жанартаудың атқылауы кезінде сөз берген

Бельгиялық жұп әлемді өздерінің ерекше жағдайда сөз байласқанымен таң қалдырды. Экстремалды жағдайда қалған олар бір-бірін шын сүйетініне көздері жетіп, сөз байласуды ұйғарған.    

Жергілікті басылымдар жазғандай, 37 жасар Гай Декелвераның мамандығы фотограф екен. Ол Африкаға іссапармен аттанған сәтте, қасындағы сүйіктісі Сиэтканы да өзімен бірге ала кеткен. 

Таудың әдемі көрінісін суретке түсіріп жүрген қос ғашықтың сапары Конгода орналасқан Ньирагонго вулканының атқылауы кезіңіне сәйкес келген екен. Гайдың болашақ жары Сиэтка: "Бұрқыраған қою қара түтін мен лаулап жанып, жолдағының барлығын жаймап келе жатқан лава көрінісі бізді қатты сескендірді. Осындай жағдайда біз бір-бірімізді қаншалықты сүйетінімізді түсіндік. Гай осылайша маған үйлену туралы ұсыныс жасады. Ал мен "жоқ" деп айтуға аузым бармады" деп ағынан жарылды. 

Қазір таңда болашақ ерлі-зайыптылар тойларын да ерекше етіп өткізуді жоспарлап жүр екен.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: lifenews.ru

Б. Қосмағамбет