1,8 жасар бала орманда 4 күн бойы жалғыз қалды

1,8 жасар бала орманда 4 күн бойы жалғыз қалды
Фото: Blikk

Американың Кентукки штатындағы Флойд округінде жоғалған бала 4 күннен кейін табылды. Бұл туралы Metro басылымы жазады.

Бір жас және он ай толған Кеннет Ховард (Kenneth Howard) жексенбі – 12 мамыр күні жоғалып кетті. Оның әкесі Элден (Elden Howard) баланы ұрлап кетті деп ойлаған. Себебі бала із-түзсіз жоғалған. 4 күн бойы құтқарушылар бригадасы жергілікті жердегі орманнан іздеді. Іздеуге тікұшақтар, иттер мен дрондар да қосылды.

Ховард сәрсенбі күні үйінен бір жарым шақырым жерден табылды. Құтқарушылар тау бөктерінде жылаған дауысты естиді. Содан кейін баланы тростың көмегімен тартып алады. Баланың ата-анасы оның үйден арт жақтағы қосымша есіктен шығып кетуі мүмкін екенін болжап отыр.

Ховардты тікұшақпен травматологиялық орталыққа апарып, дәрігерлер тексерді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бала табылған кезде денсаулығы жақсы болып көрінген.

baq.kz

А. Рысдәулет